Пікірлер

Әмірхан Меңдеке

   «Қабдеш Жұмаділовтың «Қылкөпір» атты романы (2003 ж.) бар. Бұл романның басты кейіпкері – Айжарық деген жазушы. Осы Айжарықтың өмірлік ұстанымы жөнінде автор былай дейді: «Айжарық үшін бір ғана таразы, бір ғана өлшем бар. Ол – қазақ ұлтының мүддесі. Бұл жағынан, Айжарықтың есебі өте қарапайым: қазаққа қызмет ететін, қазаққа пайдалы нәрсенің бәрі жақсы, оны қолдау керек. Ал қазаққа зиянды, қазаққа кесір келтіретін нәрсеге, ол мейлі кімнің ісі болса да, жол беруге болмайды».

    Енді Айжарықтың «өте қарапайым есебіне» үңіліп көрелікші. Шын мәнінде, бұл – қарапайым есеп емес, ұлы есеп. Ұлы міндет. Ұлы парыз. Қазақ зиялысы үшін бұдан өткен ұлы парыздың болмағы да екі талай... Қабдеш Жұмаділов – осы ұлы парызға мейлінше адал жазушы».

«Жас алаш» 26-сәуір, 2011-жыл.

«Біржан-Сара» жайлы ақиқат

«Біржан-Сара» қазақ әдебиетін­дегі нұры сөнбей, сәулесі мәңгі алаулап тұратын шоқтығы биік жарық жұлдызға айналды. Ал оны жазған – Әріп Тәңірбергенов.

Қазақ әдебиеті мен өнері тарихында ақтаңгер әнші-композитор Біржан Сал мен қазір Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына баратын жол бойында ескерткіші тұрған ақын Сараның өзіндік орны бары айтпаса да түсінікті. Олардың аты-жөні жеке де, қосып та айтылатын. Біржанның әні «Теміртас», «Жанбота», Сара деген елден-ерек ақын қыз болыпты дегендей. Мектепте оқып жүргенде «Біржан-Сара» айтысы жайлы білдік. Одан өткен ғасырдағы 40-жылдардың орта тұсында «Біржан-Сара» операсы жайлы құлақтанып, радиодан ара-тұра арияларын тыңдайтынбыз. Аталмыш опера зор абыройға бөленіп, даңқы аспандағаны сонша, ондағы Біржан рөлін орындаған халық артистері, біртуар әншілер Байғали Досымжанов пен Әнуарбек Үмбетбаев, Сара рөлін сомдаған СССР халық артисі Күләш Байсейітова мен Шабал Бейсековалар бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлыққа ие боп, есімдері әлемдік өнер жұлдыздарымен бірге аталатын болды, (ашық хат түріндегі) суреттерін әркім қалтасында ұстап, үйлерінде іліп қоятын дәрежеге жетті. Бұл үлкен мерей еді.

"Арнау" Қ.Жұмаділовтың 60 жылдығына

Бір өзің балайтындай сансыз мыңға,
Ғасырдан оза туған дара тұлға.
Мақаншы маңдайының бағы бар ел,
Қабдештей ие болған маңғаз ұлға.
Шын маңғаз өмірде жоқ мен-мендігі,
Ғажайып таңырқатқан ой кеңдігі.

Барқытбел бөктеріндегі ұлан-асыр той

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің Мақаншыда 60 жасқа толған мерейтойы өтті.

Қазақ халқының бүгінгі әдебиетіндегі маңдайына басқан санамалы жұлдыздарының бірі жерлесіміз жазушы Қабдеш Жұмаділовтың 60 жасқа толған мерейтойы Алматыдағы Әуезов атындағы драма театрынан соң Семей облысының Мақаншы ауданында маусымның 28-29-30-ы күндері жалғасты.

Бір кітабы миллион теңге

Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің жастық шағынан бір үзік әңгіме

Қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу қалың оқырманы Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш», «Тағдыр», «Дарабоз», «Таңғажайып дүние» сияқты оннан астам ірі-ірі романдары, бірқанша повест, әңгімелерімен жақсы таныс. Жай таныс деуіміз бергі жағы. Әр шығармасын жарық көрген бетте бассалып, құнығып оқып, кемел жазушының келесі шығармасын асыға күтеді. Тіпті, кітап саудасынан таба алмай, өзара сұрастырып кезекпен оқитындар қаншама. Оны шалғайдағы біз секілді оқырмандар ғана емес, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері де растайды.

Бір романға 20 жыл дерек іздеген жазушы

Қабдеш ағаның шығармашылық жолы «арғы бетте» – Қытайда жүргенде басталған. 1954 жылы 17 жасында «Шыңжаң» газетіне тырнақалды өлеңі шықты. Ал 1956 жылы алғашқы «Жамал» деген әңгімесі «Шұғыла» журналында жарық көрді. Қабдеш Жұмаділов тағдырдың жазуымен шекараның арғы бетінде дүниеге келіп, өзінің естіген-көргенін, көңіліне түйгенін, жиған-тергенін көркем дүниеге айналдыра білген. Қысқасы, ол сыртта қалған қазақтың жарты тарихын жазған адам. Бұл тақырыпқа «Соңғы көш», «Тағдыр» секілді бір емес, бірнеше сүбелі, ірі шығармасын арнады.

Дәуіріміздің дарабоз жазушысы

Жазушы болу жан азабы. Осы бір абыройлы да азапты кәсіптің екінің бірінің қолынан келе бермейтіні ақиқат. Жалпы жазушы болу ұлы мұрат жолында үлкен жауапкершілік сезімін арқалау, қала берді, ел мен жер алдында азаматтық арыңа ақау түсірмей өту. Егер осының барлығын өз жүрегіңізден өткізе алсаңыз, ғұмырлық ұстанымыңызға адал бола алсаңыз ғана, шын жазушы бола алғаныңыз. Олай болмаса, киелі сөз тұлпары сізге жалынан да сипатпайды. Демек, жазушы болып ғұмыр кешу тұрған бойы азап екені рас. Өйткені ақиқатпен өмір бойы бетпе-бет келесің. Ал бұл дегенің қылыш жүзіңде ғұмыр кешу деген сөз.Әсілі шын жазушы мен жалған жазушының айырмасы да осында болса керек. Ақиқат, шындықты пір тұтып, адамгершілікті ту етіп, ұлттық мүддеге қызмет еткен жазушылардың қай ел, қай қоғамда болсын тартқан тауқыметі мен арқалаған азабы ауыр болған. Шынайы ұлт жазушысы болу үшін шындықты айта алуың керек.

Жалағаштан жалынды сәлем!

Ассалаумағалейкум, аса құрметті Қабдеш аға, Алла берген денсаулықтың арқасында аман­есен жүріп жатысыз ба? Үй­іші, отбасы т.гел аман ба, Сәуле апай, інілерім, Ерке қарындасымның жағдайлары жақсы ма?

Мен Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында тұратын Тұрақ деген ініңіз боламын. Отбасындағы барлық жаңалықтар, жаңа жыл құтты болсын! Әрі ойланып, бері ойланып Сізге хат жазайын деп қолға қалам алдым.

Өзім тұратын жерде кітапқұмар үш­төрт жігіт бармыз. Басымыз қосылған жерде оқыған кітаптарымызды айтамыз, пікір алысамыз. Мен өзімнің Абайымды айтамын, Бердібек Соқпақбаевымды, Ілияс Есенберлинімді, Мұхтар Шахановты айтамын. Олар өздерінің сүйіктісін айтады.

Қабдеш туралы сөз

(Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 70 жылдық тойында айтылған сөз)

I

Қымбатты достар, бауырлар!

Мен Қабдешті екі тұрғыдан жақсы білемін: жазушы және азамат ретінде.

Жазушы ретінде Қабдешті қазіргі қазақ әдебиетінің бір кірпіші ғана емес, бүтін бір қабырғасы немесе бір қанаты деп бағалаймын. «Қанаты» дейтін себебім: 20-ғасырдағы қазақ әдебиетін 12 қанат Ақордаға теңесек, ал, қазіргі – 21-ғасырдағы қазақ әдебиетін 8 қанат Ақбоз үйге ұқсатуымызға болады. Сол 8 қанаттың бірі Қабдештің шығармалары екеніне дау болмас деймін.

         Ал мен өзімді 12 қанаттың немесе 8 қанаттың қатарына қоспаймын. Мен бар болғаны ұлы қазақ әдебиетінің бір кірпіші немесе оның керегелерінің бір көзі ғанамын. Осыны өзіме мақтаныш етемін.

Қағытпа қалжыңдар

Орындалуы оңай шарт

Қабдеш Жұмаділов алпыс жасқа толғанда Үріжар ауданының Қаратұма ауылында тұратын жерлестері жазушыға телефон соғып:

- Қабеке, ауылымыздағы орта мектепке сіздің атыңызды қоюды ұйғарып едік. Аудандық маслихат «ондай құрмет көзі тірі адамға жасалмайды» деп біздің ұсынысымызды бекітпей отыр. Енді не істейміз? – деп ақыл сұраса керек. Сонда Қабдеш ағамыз:

- Ой, жігіттер-ай, соған бола несіне қиналасыңдар. Маслихаттың қойып отырған талабы қолдан келмейтін, оншалық қиын нәрсе емес екен ғой. Енді бір жиырма-отыз жыл күтсе, ол шартты да толығымен орындаймыз! – деп жерлестерін жұбатыпты.