Менің «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романымды оқыған кісі атамыз Күдері биден: Ахмет, Жұмаділ, Шаяхмет, Нұрахмет есімді төрт ұл, Дүрия, Шағи, Ырысжан, Гүлістан деген төрт қыз қалғанын білетін болар. Ахметтен де бес ұл тараған: Баяхмет, Баяқыш (гимназияда оқып жүрген кезінде қайтыс болды), Рақыш, Әнуарбек, Талғатбек... Бүгінгі әңгімеміз Ахмет атамның тұңғышы, берітінде, Қазақстанға келген соң «Жуңгу шал» атанған Баяхмет ағамыз жайында болмақ. Ахмет атам өзін дін жолына арнаған, жасында медіресе бітірген оқымысты кісі еді. Ол берітінге дейін Сібетіде әкесі Күдері би салдырған…