Қолда бар кітаптардың бағаларын, төлемді іске асыру тәсілдерін, кітап қоймасының мекенжайын тапсырыс бергеннен соң электрондық пошта немесе телефон арқылы хабарлаймыз. Корпоративтік клиенттерге жүкқұжат пен шот-фактура дайындап бере аламыз. Тапсырыс берген кітаптарды автордың Алматы қаласындағы қоймасынан өзіңіз алып кете аласыз.
Кітаптарды Қазақстан бойынша жеткізуді өзіңіз ұйымдастыра аласыз, мысалы «Қазпошта» қызметтері арқылы:
Басқа да курьерлік қызмет көрсететін ұйымдардың көмегін жалдауыңызға болады.
Кітап жеткізудің құнын тікелей жеткізетін ұйымға төлейсіз. Ол - алатын кітаптардың салмағына, жеткізу жеделдігіне, ара-қашықтыққа, және буып-түйетін орауыш материалға байланысты болады.
Өзіңізбен көршілес кітап дүкендерінен іздесеңіз, автормен келісімге тұрған төмендегі кітап тарату жүйелерімен хабарласып Қабдеш Жұмаділовтың кітаптарына тапсырыс беруіңізге болады:
- "Атамұра" - https://atamura.kz/?page_id=3100&lang=kz
- "Алматы Кітап" – https://almatykitap.ru/, http://almaty.allcorp.ru/f/almatikitap.html
- "Қазына" (Qazyna) - http://qazyna.kz/
- "Меломан" - https://www.meloman.kz/shops
- "Эрудит" - https://bookcenter.kz/filiali/