Skip to main content
+7 702 947 5837 kabdesh.zhumadilov.kz@mail.ru

Пікірлер

"Арнау" Қ.Жұмаділовтың 60 жылдығына


Жасынан темір қазық, шам-шырағы,
Мақсаты, бар арманы ел теңдігі.
Теңдік деп ұрандады дараланып,
Жүрсе де жайсаң жаны жараланып.
Ағынға қарсы жүзген жел қайықтай,
Өзімен бірге жасап дана халық.
Қазақи бел қайыспас қозы күрең,
Ешқашан атақ, даңқ іздемеген.
Абай атам айтқандай аңдап басып,
Мұхиттың тереңінен маржан сүзген.
Хас тұлпар тұрғыластан оқ бойы озды,
Шыңдарға асқақтаған қолын созды.
Қайтадан халқыменен қауыштырған,
Хан батыр Қабанбайдай дарабозды.
Сүйікті халқымыздың саңлағысың,
Бағланы баға жетпес ардағысың.
Айдыны Алакөлдей толқып атқан,
Кең қолтық кемел жаста ардағысың.
Мына той, мына думан жұрт қалауы,
Дүрлікті Тарбағатай, Қалба тауы.
Қаламың мұқалмасын Қабдеш інім,
Қолдасын Дарабоздың аруағы.

МӘУІТҚАЗЫ ЗҮКЕНОВ