Сұхбаттар
Қазақстанның Халық жазушысы

+7 702 947 5837 (WhatsApp) / Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сұхбаттар

– Қабеке, тойға шақырды ма Сiздi?– Қандай той?– Абылай ханның 300 жылдық мерейтойы. Көкшетауда өтетiн...– Шақырды. Осыдан төрт күн бұрын. Төрт күн бұрын да тойға шақыра ма? Ең кем дегенде бір ай бұрын айтуы керек қой.– Шақырушыға не дедiңiз?– Бармаймын дедiм.– Неге? Неге бармайсыз?– Ықылассыз өткiзiп жатқан, онда да «птичка» үшiн өткiзiлiп жатқан тойға баруға еш зауқым жоқ. Бiрiншiден, бұл той өте кешiктiрiлiп өткiзiлiп жатыр. Абылай хан 1711 жылы туған. Ресми түрде бекiтiлгенi де осы – 1711 жыл. Энциклопедияда да…
Жаңа жыл қарсаңында «Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың   лауреаты Қабдеш Жұмаділов Қытайға барып қайтыпты» деген хабарды естігесін қызықты ойлар қылаң бере бастады. Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағында дүниеге келген Қабдеш ағаның қаламынан туған көптеген әңгіме, повестер, «Көкейкесті», «Атамекен», «Тағдыр», «Прометей алауы» романдары, «Соңғы көш», «Дарабоз» дилогиялары және «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романы қазақ оқырмандарының қақ төрінде. Ендеше, әлеуметтік мәселе көтеріп, саяси-қоғамдық құбылыстарға дер кезінде үн қосып журген ойшыл қаламгермен ой бөліссек қайтеді? ҚАЛАМНАН КҮШТІ ҚАРУ ЖОҚ —      Бұрын-соңды бұйда ұстап, дәрежелі…
Газетіміздің өткен жылғы №47-48 санында (24.12.2008 ж.) тарих ғылымының кандидаттары Бейбіт Қойшыбаев пен Самат Өтениязовтың «Нағыз Аблайды білеміз бе?» деген мақаласы жарық көрген еді. Материал басылым бетінде жарияланысымен, редакцияға Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш аға Жұмаділов хабарласты. Мақала туралы айтар ақиқатым бар еді деген қаламгер: «Біз бүгін Абылайды жоққа шығарсақ, ертең Әл-Фараби мен Абайға да ауыз салатын шығармыз», - деп, қатты ашуға мінгендей көрінді. Төменде Б.Қойшыбаев пен С.Өтениязов жазған мақаланың бұрыстығын дәлелдеген Қабдеш ағаның әңгімесін оқыңыздар. Басқа басылымдарға қарағанда, шындық пен…
«МЕННІҢ» БӘРІ МЕМУАР ЕМЕС        Кейде мемуарлық шығарма көркем шығармадан да қызық оқылады. Әсіресе қазіргі заман естеліктер мен мемуардың заманы болып тұр. Қаламгердің де оң жамбасына келеді, оқырманға да оқуға жеңіл. Ел білетін көптеген көркем шығармалар ұмытылып қалып жатқанда, мемуарлық шығармалар жұрт аузында жүргеніне өзіміз куәміз. Бұрын көрген-баққанымыз Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» еді, соңғы он-он бес жылдың көлемінде Мағауиннің «Мені», Жұмаділовтің «Таңғажайып дүниесі», Ысқақовтың «Келмес күндер елесі», әрқайсысы кірпіштей-кірпіштей кітап болып қолымызға тиді. «Мен» әдеби ортада үлкен дүмпу тудырды, «Таңғажайып…
«Қабдештің тілі – қазақ сөзінің қаймағы» дейтін пікірге арқау болған, қаламынан 10 роман, 13 повесть, 50-ге жуық әңгіме туған, бұрын да, қазір де көп оқылатын Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов сәуірдің 24-де 75 жасқа толады. Осы мерей той тұсында Қабаң «Дат, тақсырға» қонақкәде сұхбат берген еді. «Қиындықты көп көрдім» Қабдеш аға, 75 жас – мерейтойыңыз құтты болсын!.. - Рахмет! Жас ұлғайып келеді, орыстар «старость - не радость» дейді, кәріліктің қуаныш емес екенін айтқандары ғой. Бірақ біздің билікте жүрген, жетпістен асқан кейбіреулер:…
Қалам қуатымен қазақ әдебиетінің қара нарына айналған Қабдеш Жұмаділов – биыл 75 жаста. Қабдеш есімімен исі қазақ етене таныс. Безбенге салған безбүйрек заманның талқысынан сүрінбей өткен Қабекең қазақ руханиятына өшпес із қалдырып, өз соқпағымен үдере тартып келеді. Біз Қабеңді 75 жасқа келген мерейтойымен құттықтай отырып, сөз өнері жайында әдебиет ағасымен болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырымыз. Біз әдебиеттің алтын ғасырында өмір сүрдік - Қабдеш аға, «әдеби орта әлсіреді, әдебиет тоқырады» дейтін пікірлер жиі айтылып жүр... - Біреулер «әдебиет бар» дейді, енді…
«ҰЛТ TIMES»: Соңғы шыққан кітаптарыңызды оқыдық. Бір байқағанымыз, олардың барлығында да роман жоқ екен. Бұның басты себебі неде? Қазір не жазып жүрсіз? Қабдеш Жұмаділов: Иә, кейінгі кездері қалың романдарды жазуды қойдым. Себебі, оқырманның уақыты аз. Өздеріңіздің газеттеріңіздің аты да «ҰЛТ TIMES» екен. Бұл «Ұлттың уақыты» деген ғой. Көрдіңіз бе, уақытпен ойнауға болмайды. Уақытпен санасу керек. Өз уақытым да тығыз. Жас болса келіп қалды. Сондықтан да кейінгі кездері шағын повестер мен әңгімелер, хикаяттар жазуға көштім. Соңғы жылдары шығарған кітаптарымның барлығы осындай…
Бет 1 -дан 4