Skip to main content
+7 702 947 5837 kabdesh.zhumadilov.kz@mail.ru

Мақалалар

Естелік­-эссе «Желкеме шор түсер деп аямай сал, Мен – сенің өгізіңмін өзге жегер» Сәбит Мұқанов Иә, бір күн бетін берсе, бір күн сыртын беретін құбылмалы дүние деген осы. Өмірге жаңа келген жоқ қой, көпті көрген Сәбең бұл қағиданы бала кезден білетін-ді. Бірақ жәй білу бар да, бастан кешу бар. ...
Бұл тақырыпқа алғаш көзi түскен адам: «Әлдеқашан болары болып, бояуы сiңген мәселенi неге жаңғыртып отыр?» деп таңданып қалуы да ғажап емес. Бiрақ оған таң қалатын не бар, бiз бұл күнде нелердi қайта қарамай жатырмыз?! Аттап бассаң алдыңнан «ақ таңдақ» шығады. Басы аяғына келiп, төңкерiлiп жатқан...
Қаз-қалпында Алматыға қалың қар жауғанда, ол қардың қыс бойы күрелмей, тазаланбай сүрі боп жатқанын көргенде, менің есіме осыдан он жылдай бұрын өткен мына бір оқиға түседі. 2002-жылы, желтоқсан айының басында маған Қытайдың Шәуешек қаласынан қоңырау шалынды. Телефон соғып тұрған – аймақтық уәл...
(Беташар сөз) Өткен 20-ғасырдың 60-жылдарында Қазақ Әдебиетіне бір шоғыр таланнты жастар келіп қосылды. Сортаң тартқан теңізге тұс-тұстан жамырай құйылған тұщы бұлақтардай, бұл қуатты топ сол кездегі социалистік реализмнің қатаң қағидаларын қақырата бұзып, Советтік әдебиетке сапалық өзгерістер е...
Хикаят Арқада Бурабайға жер жетпейді, Қазақта Кенекеме ер жетпейді. Мағжан – І – Жер тарылып, аспан аласарып, дүние қусырылып келе жатқан. Елден алабөтен апшысы қурылып, айдыны тартылған – әрине, қазақтың жері, қазақтың аспаны. Өзге жұрттар сол ежелгі қалпында. Тіпті, жыл өткен сайын адымын ұ...
Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын, Шамырқансам, шатынап сынар болатпын. Махамбет Сіз, тегінде, өмір сүру деген оп-оңай деп ойлайсыз ба? Бұған біркелкі жауап табу қиын. Өйткені біреуге өмір сүру – жеп-жеңіл, ал екінші біреуге өте ауыр, тым қиынға түседі. Тұтас өмірді қойып, жәй күнделікті тірші...
– Жалпы біздің елімізде тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде іске асырылған реформаларда ойланбай істелген олқылықтар көп, қателіктер мол. Ауылды тоздырып алғанымыз, жекешелендіру кезінде малды құртып жібергеніміз, т.б. Сондай қателіктердің бірі – шекаралық аудандарды жабу, елді мекендегі халықты шекар...