ЖАЗУШЫ ӨМIРIНIҢ ЕЛЕУЛI КЕЗЕҢДЕРI
1936-жыл, 24-сәуір. Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмадiлов Тарбағатай тауының күнгей бетiндегi Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келген.
1944 - 1947 жылдар. Өз әкесi салдырған Сiбетiдегi бастауыш мектепте оқыды.
1949 - жыл. Шәуешектегi жетi жылдық қазақ мектебiне оқуға түстi.
1952 - 1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды.
1954 - жыл. Үрiмжiде шығатын «Шыңжаң газетiнде» алғашқы өлеңi жарық көрдi.
1956 - жыл. «Шұғыла» журналының бiрiншi нөмiрiнде «Жамал» атты тұңғыш әңгiмесi басылды.
1956 - 1958 жылдар. Қытай үкiметiнiң жолдауымен Алматыға келiп, Қазақ Мемлекеттiк университетiнiң филология факультетiнде оқыды.
1958 - 1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргiнге ұшырады.
1962 - жыл. Шыңжаңнан ауған қалың көштiң бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды.
1962 - 1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттiк университетiн бiтiрiп шықты.
1965 - жыл. Өзiмен тағдырлас Сәуле Әукенқызына үйлендi.
1965 - 1967 жылдар. «Қазақ әдебиетi» газетiнде қызмет iстедi.
1967 - 1976 жылдар. «Жазушы» баспасының проза бөлiмiнде аға редактор болды.
1976 - 1981 жылдар. Мемлекеттiк Баспасөз комитетiнде қызмет атқарды.
1981 - жыл. Кеңсе қызметiн тастап, бiрыңғай шығармашылық жұмысқа көштi.
1983 - жыл. «Соңғы көш» романы үшiн жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берiлдi.
1989 - жыл. Жазушы арада отыз жыл өткенде Шыңжаңға сапар шегiп, ата қонысын аралап қайтты.
1990 - жыл. Қ. Жұмадiловке «Тағдыр» романы үшiн Абай атындағы Мемлекеттiк сыйлық берiлдi.
1996 - жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өттi.
1998 - жыл, 23 - қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмадiловке «Қазақстанның Халық жазушысы» деген құрметтi атақ берiлдi.
2002 - жыл. Жазушы Еуропаға сапар шегiп, балалары қызмет iстейтiн Лондон, Вена қалаларында болып қайтты.
2003 - 2005 жылдар. «Қазығұрт» баспасынан Қабдеш Жұмадiловтың он екi томдық шығармалар жинағы басылып шықты.
2005 - жыл. Жазушы тәуелсіз платиналы «Тарлан» сыйлығын алды
2005 - жыл. Жазушы «Парасат» орденімен марапатталды
2006 - жыл. Жазушының 70 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы кеңінен атап өттi.
2011 – жыл. Жазушының 75 жасқа толған мерейтойы Алматыда және Шығыс Қазақстан облысында кеңінен атап өтілдi.