Шығармалардан үзінділер, шағын әңгімелер
Абақты (Әңгіме)
«Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді» дейді қазақ. Тақ бір өліп көрген, көріп келген кісі сияқты. Оны азырқансақ, «тозаққа түскендер үш күннен соң бір-біріне шоқ шашып ойнайды» дейтінін қайтерсің! Бейне, тозақ отына күйіп келген кісі секілді. Бір қызығы, қараңғы көр мен жалын атқан тозаққа ой ...
Аранға түскен аққулар (тарихи хикаят)
Бұл еңбегімді «АЛЖИР» лагерінде жазықсыз жапа шеккен арулар рухына бағыштаймын. Автор.
- І -
Биыл Арқа өңіріне қар қалың түскен. Айнала – төңіректе қыбыр еткен жан жоқ. Ұшы-қиырсыз ұлан дала бейне ақ кебінге оранғандай сұлық жатыр. Тіршілік атаулы бұл өлкеден басқа бір жаққа ауып кеткен секілді...
Бір шөлмек сыра (Әңгіме)
Жазушы Айжарыққа бүгін аяқ астынан мектептен телефон соқты. Жәй мектеп емес, немересі оқитын мектеп. Хабарласып тұрған – сынып жетекшісі, әрі математика мұғалімі Сағила деген апай. Дауысы тым зілді,әр сөзі ебінің желіндей ызғарлы. Алдын ала ықтыру, үрей салу ойы бар ма, қалай?
Демократия (әңгіме)
Жоғарғы жақтан: «алдымызда аламан шабыс күтіп тұр. Соған дайын болыңыз. Сіз биыл президент сайлауына түсесіз» деген нұсқау келгенде, мұндай оқыс оқиғаның талайын бастан кешірген, осы елдегі демократиямен бірге жасасып келе жатқан кәнігі «демократ» Баймырза, сыртқа сыр бермегенімен, абыржып-ақ қал...
Диктатордың ажалы (Әңгіме)
Біреулердің аузынан «көреген көсем», «ұлы көшбасшы», «ұлт серкесі» сияқты сөз шықса болғаны, Нұртастың жүрегі зырқ ете қалады. Өйткені бұл сөзді ести-ести құлағы әбден сарсылған. Осының бәрі жәй алдамшы, өтірік сөздер екеніне, жарамсақтар тауып жүрген жалған мадақ екеніне де көзі жетіп болған. Ең...
Донжуан қораз (Әңгіме)
Біздің қазақ тауықты «малым бар» деп білмеген ғой. Біреудің қанша қойы, қанша жылқысы барын білсе білген шығар. Бірақ «қанша тауығың бар» деп сұрау екі жаққа да қорлық саналған. Тауықтың қазаққа етене болмағанынан шығар, бұл мақұлыққа тіркелетін сүйкімсіз сөздер де аз емес. «Тауықсыз да таң атқан...
Жан мен тән (Әңгіме)
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
«Мені» мен «Менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес...
Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,
«Мені» мен «Менікінің» мағнасы екі.
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі»
...
Жеті ата (Әңгіме)
Сонау бір жылдары Семей облысының бір ауданынан менің атыма жеделхат келді. Аудан болғанда, біздің елден, біздің ауылдан... Жеделхатта былай делінген: «Жақыннан бері біздің елдегі ағайын арасында бір үлкен дау туып тұр. Біздің арамыздан шыққан оқымысты, білімпазымыз – сенсің ғой. Мүмкіндігің болс...
Күйеу бала (Әңгіме)
Өмірде жолы болмаған біреулер: «Заман тарылып кетті», «Пенденің пейілі бұзылды», «Қазақтан бақ қайтты» деп сарыуайымға салынып жүр. Бекер сөз. Ештеңе де өзгерген жоқ: байлық та, бақ та, ырыс та өз орнында. Бақ сол баяғыдай қонатын жеріне қонады, байлық бітетін жеріне бітеді. Жұрттың бәрі түптүге...
Құрдастар (Әңгіме)
Істің арты дәл бұлай ырықтан шығып, ушығып кетер деп кім ойлаған. Байқамасаң, «ойыннан от шығады» деген осы. Бәрі де түкке тұрмайтын қалжыңнан басталды ғой. Кәдімгі құрдастардың келді-кеттісі жоқ, зілсіз қалжыңы. Құрдаспен ойнау басқа ұлттардың көбінде жоқ деседі. Ал, қазақта құрдастар арасында, ...