Пікірлер
Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев
«Құрметтi Қабдеш Жұмадiлұлы!
Сiз қазақтың көркем сөзiне, әсiресе тарихи роман жанрына елеулi үлес қосып келе жатқан көрнектi жазушылардың бiрiсiз. Әдебиетте бұрын сүрлеу салынбаған тың тақырып ала келген, қазақ прозасын байытқан белгiлi суреткерсiз.
Оқырман қауым шетелге ауған қандастарының т...
Әзілхан Нұршайықов
«Қазақ прозасы бұл күнде ауқымы жағынан болсын, идеялық-көркемдік ізденістері жөнінен болсын, жыл өткен сайын жаңа белестерге көтеріліп, құлашын кеңге жайып келеді. Бұл сапарда әдебиетке алпысыншы жылдар келіп қосылған орта буын жазушылардың қосып жатқан үлесі аз емес. Осы буынның ішінде өінің ой...
Қалтай Мұхаметжанов
«Соңғы көштің», әсіресе көркемдік, стильдык бітімі көз қуантады. Бұл қазақ әдебиетінің классикалық дәстүрінде, М.Әуезов, С. Мұқанов мектептерінен творчестволық үйрену нәтижесінде жазылған эпикалық кең тынысты проза үлгісі. Романда халық ортасынан қайнап шыққан, халық мүддесі үшін бар қайратын жұм...
Тәкен Әлімқұлов
«Горький айтқандай, әдебиеттің бірінші шарты – тіл. «Соңғы көште» осы тілдің байлығы бар. Автор сан қуу үшін сөз термейді, терген сөзді шығармасына зорлап телімейді. Сондықтан да әрбір сөз қалауын тапқан қардай өз орнында жарасып тұрады».
«Қазақ әдебиеті» 15-қазан, 1982-жыл
Рахманқұл Бердібаев
«Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көш» атты дилогиясы өзінің бірнеше елеулі сыпатымен бүгінгі қазақ әдебиетіндегі көрінекті шығарманың бірі болып отыр. Біз «көрінекті» деген сөзді тек кітаптың көлеміне қолданып отырған жоқпыз. Бұл мінездемені роман тақырыбының тосын да, күрделілігіне, оқиғаларды...
Шериаздан Елеукенов
Қабдеш Жұмаділов Шыңжаңда тұратын қазақтар туралы «Соңғы көш» дилогиясын жазғанын білеміз. Суреті, тілі айшықты шығармаға кезінде әдеби сынымыз жылы қабақ танытқаны да есімізде. Ал мына «Тағдыр» сол романны жақсы жақтарын сақтаумен бірге, одан көш ілгері тұр...
Әкім Тарази
«Қабдеш Жұмаділов – біздің буында өмірбаяны аса бай жазушы. Енді, міне, өмірден көрген, бастан кешкен сол ұланғайыр мол материал жазушының сарқылмас шығармашылық азығына айналып отыр.
Қасым Қайсенов
Қазақстанның халық қаһарманы Құрметті інім Қабдеш!
«Дарабоз» қолыма түсіп оқып шыққан соң, сол замандағы қасиетті хан ордаларында ұлы жыраулардың, аузы дуалы дана билердің аталы сөздерін, билік-болжауларын өз құлағыммен, алдарында тізе бүгіп отырып естігендей болдым. Халқымыздың хас батырлары: Қ...
Тұрсын Жұртбаев
«Қабдеш Жұмаділов туралы сөз болғанда, оның өзіне тиесілі тарихи міндетін орындаған ұлт азаматы, нағыз халықтық жазушы екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Өйткені, Қабдештің жеке басының тағдыры да, көркемдік әлеміндегі кейіпкерлерінің тағдыры да – ұлы атамакендегі қандастары үшін мүлде тосын құб...
Тұрсынхан Зәкенұлы
«Әдебиетте Қабдеш ағаны 60-жылдары бой көтерген орта буынға жатқызады. Сол буын қазақ әдебиетінің бүгінгі кеңістігінде жарқырап тұрған бір шоғыр жұлдыз десек, сол шоқ жұлдыздың қақ ортасында ежелгі Шығыс Түркістан аспанынан келіп қосылған, халық көзіне шоқтай басылатын ерекше бір жұлдыз – Қабдеш ...