Өзіне бүкіл көшпелі қауымның соңғы бір көшінің рухани қуаты мен бақ-талайын, азаттық аңсаған арманы мен азабын, қуанышы мен қайғысын, көз жасын аманат етіп тапсырған жауапты міндетті Қабдеш Жұмаділов ар-ұжданына кір келтірмей, табандылықпен және шын ер жігітке тән қайсарлықпен орындап шықты. Ол сол арман-мүдденің жыршысы ғана емес, соны жүзеге асырған нысаналы тұлға дәрежесіне көтерліді».
«Азия транзит» журналы
2001- жыл, қазан