Өмірбаяны
Народный писатель Казахстана

+7 702 947 5837 (WhatsApp) / Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Биография

ЖАЗУШЫ ӨМIРIНIҢ ЕЛЕУЛI КЕЗЕҢДЕРI 1936-жыл, 24-сәуір. Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмадiлов Тарбағатай тауының күнгей бетiндегi Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келген. 1944 - 1947 жылдар. Өз әкесi салдырған Сiбетiдегi бастауыш мектепте оқыды. 1949 - жыл. Шәуешектегi жетi жылдық қазақ мектебiне оқуға түстi. 1952 - 1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды. 1954 - жыл. Үрiмжiде шығатын «Шыңжаң газетiнде» алғашқы өлеңi жарық көрдi. 1956 - жыл. «Шұғыла» журналының бiрiншi нөмiрiнде «Жамал» атты тұңғыш әңгiмесi басылды. 1956 - 1958 жылдар. Қытай үкiметiнiң жолдауымен Алматыға келiп, Қазақ Мемлекеттiк университетiнiң филология факультетiнде оқыды. 1958 - 1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргiнге ұшырады. 1962 - жыл. Шыңжаңнан ауған қалың көштiң бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды. 1962 - 1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттiк университетiн бiтiрiп шықты. 1965 - жыл. Өзiмен тағдырлас Сәуле Әукенқызына үйлендi. 1965 - 1967 жылдар. «Қазақ әдебиетi» газетiнде қызмет iстедi. 1967 - 1976 жылдар. «Жазушы» баспасының проза бөлiмiнде аға редактор болды. 1976 - 1981 жылдар. Мемлекеттiк Баспасөз комитетiнде қызмет атқарды. 1981 - жыл. Кеңсе қызметiн тастап, бiрыңғай шығармашылық жұмысқа көштi. 1983 - жыл. «Соңғы көш» романы үшiн жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берiлдi. 1989 - жыл. Жазушы арада отыз жыл өткенде Шыңжаңға сапар шегiп, ата қонысын аралап қайтты. 1990 - жыл. Қ. Жұмадiловке «Тағдыр» романы үшiн Абай атындағы Мемлекеттiк сыйлық берiлдi. 1996 - жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өттi. 1998 - жыл, 23 - қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмадiловке «Қазақстанның Халық жазушысы» деген құрметтi атақ берiлдi. 2002 - жыл. Жазушы Еуропаға сапар шегiп, балалары қызмет iстейтiн Лондон, Вена қалаларында болып қайтты. 2003 - 2005 жылдар. «Қазығұрт» баспасынан Қабдеш Жұмадiловтың он екi томдық шығармалар жинағы басылып шықты. 2005 - жыл. Жазушы тәуелсіз платиналы «Тарлан» сыйлығын алды 2005 - жыл. Жазушы «Парасат» орденімен марапатталды 2006 - жыл. Жазушының 70 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы кеңінен атап өттi. 2011 – жыл. Жазушының 75 жасқа толған мерейтойы Алматыда және Шығыс Қазақстан облысында кеңінен атап өтілдi.