Сұхбаттар

Сұхбаттар

Біз Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ әдебиетінің көзі тірі классиктерінің бірі Қабдеш Жұмәділовпен өмірден ерте кеткен ақын, сазгер әрі әнші Ермұрат Зейіпханның асында жолықтық. Қабаң марқұм болған бауырын еске ала отырып, «Тәуелсіздіктен кейін осы Ермұраттар бастаған көш те тоқтапты ғой, бұл не масқара!» – деп сөз сөйледі ас үстінде. Біз жиыннан кейін қазақ прозасының дарабозын «Дат, тақсырда!» сөз айтуға шақырдық. - Қабдеш аға, көштің тоқтағанын өзіңіз айттыңыз, бірақ үкіметтің сыртқы көші-қонды 2015 жылға дейін тоқтатқанынан хабарыңыз бар ма? -…
Максат: -Аға Алтын Ордадан бастап, одан бері Ақ Орда, Көк Орда. Қазақ хандығының құрылуы, Жәнібек пен Керейтің бөлініп, Орда құруы. Осы мәселелер төңірегінде айтып берсеңіз... Қабдеш аға: - Жалпы биыл біз қазақ хандығының құрулуының 550 жылдығын атап өткеніміз өте дер кезінде істелген шаруа болып отыр. Өте өзекті, өте қажетті, өте зәру мәселелерді дер кезінде 550 жылдықты атап өтіп отырмыз. Себебі, бұған дейін осының алдында қазақ тарихы туралы неше түрлі алыпқашпа әңгімелер болды. Бізде хандық болған жоқ, мемлекет болған жоқ, шекара…
Ол әлемдегі алты миллиардтан астам адамды құрайтын халықтың, ұлыстың тыныс­тіршілігін өз ұлтымен салыстырады. Қаламгер ретінде өз ұлтының мәрттігіне, өзгеге ұқсай бермейтін тектілігіне назар аударады. Сол тектілікті, мәрттікті күні бүгінге дейін насихаттаудан, жазудан жалықпай келеді. Мәуен ХАМЗИН, профессор ­ Үйіңізде кітап көп екен, қайсысын қолыңызға жиірек аласыз? ­ Мынаны көп оқимын деп айту қиын. Мысалы, Абай үстөлімнің үстінде жатады. Кез келген уақытта Абайды оқуым керек. Ұлы ақынды студент кезімде, одан кейін жігіт ағасы болғанымда, жасым ұлғайып 60­70­ке жеткенімде де оқып шықтым.…
Арғы бетте – Қытай елінде туып-өсіп, бір емес, екі бірдей империя кезеңін бастан кешірген Қабдеш Жұмаділов – оннан астам роман, осыншама көлемде повесть жазып, оқырман кітаптарын іздеп жүріп оқитын жазушыға айналған қаламгер. Көрнекті жазушының «Дарабоз», «Соңғы көш», «Тағдыр» сияқты тарихи романдарының әлемдік әдебиет жауһарларының арасында ауызға іліккен шығармалармен терезесі тең тұр деп айтуымызға әбден болады. Қазақ әдебиетін шырқау биікке көтерген оның шығармалары өз бағасын әлдеқашан-ақ алған. «Туған жер – алтын бесігім» атты облыста өтіп жатқан аудандардың мәдени күндерінде Өскеменге келген…
Осыдан тура елу жыл бұрын қазақ халқының тарихында елеулі із қалдырған бір ұлы оқиға болды. 1962 жылы сәуір айында Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағынан қопарыла қозғалған қазақ көші екі империяның да шекарасын қақырата бұзып, 10-сәуірден 1-мамырға дейінгі 20 күннің ішінде 200 мыңдай қандасымыз Қазақстанға қауырт өтті. Осы көштің бұйрасын ұстаған серкелердің бірі ғана емес, бірегейі қазіргі халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділов болатын. Сол көш қарсаңында «Аралап көрсең нанасың, Әлемде талай қызық бар. Бақыт пен сордың арасын Бөледі қызыл…
Мен қасиетті шаңырақта туып-өстім – Аға, мен сіздің өмірлік миссияңызды көрсетіп және сіздің өмірбаяныңыздың сөлін сығып алып, қысқаша түрде сұқбатқа түсіргім келеді. Сондықтан, сұқбатымыздың ойдағыдай болуына сіздің де атсалысуыңызды сұранамын. Әңгімемізді сіздің балалық шағыңыздан бастасақ? Бала Қабдеш нені армандады? Қандай ортада өсті? Ол кісінің үлкен жазушы болуына не себеп, не нәрсе түрткі болды? – Мен 1936 жылы 24 сәуірде Қытайдың Шыңжан өлкесінде, Тарбағатайдың күнгей бөктерінде дүниеге келдім. Ал, бұл уақыт көшпенділердің әлі қаймағы бұзылмаған, іргесі сөгілмеген, сол қалпында сақталып тұрған…
Саясаткер, көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлын толғандырған мәселелер мен саясаткердiң саяси-интеллектуалдық мұрасы бүгiнде мәнiн жойған жоқ. Қайта күн өткен сайын Алтекеңнiң айтып-жазып кеткен нәрселерi өмiршеңдiгiн дәлелдей түсуде. Саяси өзгерiстерсiз қазiргi қоғамның тап бүгiнгiдей тұйыққа тiрелетiнiн саясаткер болжаған. Өкiнiшке қарай, оған сол тұста құлақ аспаған билiк пен қоғам әлi де меңiреу қалпында, таскерең күйiнде.  А.Сәрсенбайұлының 50 жылдығы қарсаңында қайраткердiң серiктерi мен замандастары, зиялы қауым өкiлдерi саясаткер белгiлеп кеткен қоғамның алдағы даму бағыттары мен саяси өзгерiстер мәселесiн бүгiнгi қоғаммен байланыстырып талқылады. “Жас Алаш”…
Бет 3 -дан 4