Skip to main content
+7 702 947 5837 kabdesh.zhumadilov.kz@mail.ru

Сұхбаттар

«Елім деп келдің – енді өгей емессің»


– Қабдеш аға, сіз белгілі роман-дилогияңызды «Соңғы көш» деп атап едіңіз. Сол өзіңіз сүреттеген тұста елге оралған соңғы лек осы көшудің ақыры болар деп ойладыңыз ба?

– Жалпы, бұл сұрақ менің алдымнан бірнеше рет кездесті. Ана жылы, Монғолиядағы көш басталған кезде, сол елден келген әдебиетші жігіттер сәлемдесе келіп, осы сұрақты қойды: «Қабеке, баяғы 60-шы жылдардағы қазақтың көшін «соңғы көш» деп едіңіз, енді, мына біздің көшті не деп айтасыз?» – деп еді. Мен айттым: «шырағым-ау, қазақтың көші бір жылда біте қоя ма? Сендердің көштерің де сол соңғы көштің соңы, сол көштің жалғасы. Бәрі – бір көш, бір ғасырдағы көш»... Сол сөзімде негіз бар деп ойлаймын. Ал, енді кітапқа «Соңғы көш» деп ат қоюымда екі түрлі мағына болды. Бірінші – тура мағынасында, яғни, бір айдың ішінде шекарадан 200 мың адам өтіп үлгерген үлкен көш мағынасында. Бүдан кейін мүндай жойқын көш бола ма, болмай ма – ол кезде кесіп айту қиын еді... Сондықтан бұл бір таңғажайып құбылыс болатын. Және алдын-ала дайындалған нәрсе еді. Кезінде мұның себептері айтылмады... Мен бір ғүмырнамалық роман жазып бітірдім. «Таңғажайып дүние» деп аталады. «Жүлдызға» шығып жатыр, жеке кітап болып та жарық көрмек. Сонда бәрі ашық айтылды: қалай көшкеніміз, көшке елдің қалай дайындалғаны – бәрі бар. Қазақ өзі қашаннан етекбасты, салдыр-салақ жұрт, айналасы жиырма күннің ішінде (сәуірдің 10-нан мамырдың 1-не дейін) шекарадан 200 мың адамның өте шығуы деген, былай қарасаңыз, адам сенбейтін нәрсе. Ол үшін үлкен дайымдық керек еді. Он-дай дайындық жүрді және соның басы-қасында өзіміз болдық. Екіншіден, «Соңғы көш» деген атауда «көшпенділердің соңы» деген де мағына бар. Пәленбай мың жылдан бері келе жатқән көшпенділіктің соңы, шынында да. Шыңжанда еді. Осы ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдарына дейін сақталып қапған «могиканның соңғы түяғы» – солар болатын. Сол көшпенді қазақтың соңғы байын, соңғы кедейін, соңғы батырын, соңғы аруларын, соңғы урыларын – «Соңғы көште» көрсеттім. Сонымен, кітаптың атында осы екі мағына бірдей бар.

Ал, енді, көштің өзіне келетін болсақ, бүл үлкен тарихи маңызы бар қозғалыс еді. Мен суреттеген көш сол тарихи көштің. соңғы көштің басы болатын. 1955 жылы көп жүрт бері, елге қарай паспорт бойынша өткен. Кейін 62-жылы жаппай, босқын түрінде өтті

М Тәтімовтың есебі бойынша соның бәрін қосқанда, шығыс Түркістаннан 400 мыңдай қазак, елге оралған екен, қазір солардың үзын саны үрім-бүтақтарымен 800 мыңға жетіпті Ал менің есебім бойынша, миллионнан асгы. Өйткені, ал жақтән келген қазақтэр бала санын ірікпейтін ата дәстурімен өніп-өсіп жатқан халық. Мұндағы қазақтың сәнын өсіруде, умытылып бара жатқан дәстурлерін оятып, салт-сананы, тілдік ортаны сақтауда бүл қазақтардың үлкен әсері болды. Елге сол түста оралғандарды, непзінен, төрт облысқа бөліп орналастырды ғой – Шығыс Қазақстан, Семей, Талдықорған, Алматы облыстарына. Семей –сол кезде кетеуі кетіңкіреп түрған облыс екен. Шекарадан өткен жүрт келіп қосылғанда, ондағы қазақтың саны бірден 70 процентке көтерілді. Бұл көш – қазақтың қанын қоюлатқан, рухын көтерген, салт-дәстур, тіліннығайтқаи ұлы көш болды.

–  «Соңғы кеште» айта алмай, көрсете алмай қалған, саяси, идеялық шектеулерге байланысты іркіп қалған жайларыңыз болды ма? Түптің түбі «Соңғы кештің соңы» деген дүние жазу ойыңызда жоқ па?

– «Соңғы көште» суреттелген оқиғалар — менің өз басымнан кешкендерім Оны жазбау мүмкін емес еді. Жаңағы айтқан 62-жылғы босқын дүрмекпен өткендердің бірі – менмін...Көшті бастауға да серке керек. Қазір енді, айта беруге болады, кейінгі кітабымда да толық айттым, мен сол серкелердің бірі болдым. Өткенде, осы ғүмырнамалық кітабымды жазарда сондағы (көшіп өтер түстағы) қойын дәптерімді тауып алдым Қарап отырсам, «Соңғы көштің» алғашқы жоспары сол кезде жасалыпты. Қамтылатын оқиғалар, басты кейіпкерлер, олардың аты-жөндері, тараулары, бәрі сонда белгіленген. Демек, мен шекарадан бері өткенде, осы дүниені жазамын деген идеямен, дәйындықпен өткен адаммын. Бірақ, мұнда келген соң, бұл шаруаны бірден қолға алып кете алмадым. Алдымен, шала қалған оқуымды аяқтау керек болды. (Менің өмірбаянымнен таныс болсаң, білетін шығарсың, бұрын осында екі курсты аяқтап кеткенмін). Оның үстіне, бірден роман жазған кісінің кітабын баспайтын еді. Алдымен шағын жанрда екі-үш кітап шығару керек екен. Романды Жазушылар Одағының мүшелері ғана жазуы керек екен. Біз де сол басқыштардан өттік. «Соңғы көшті», сөйтіп, 70-ші жылдары ғана қолға алдым. Бұл кезде бір өлеңдер жинағының, бір өңгімелер жинағының, «Көкейтесті» деген романның авторы едім. Жазушылар Одағының мүшесі болатынмын. Демек, үлкен дүние жазуға толық хақым бар. Ал, заман қиын еді (цензура т. б.). Бірақ, оқиға бұл жақта емес, басқа бір империяда болды дегенді бетке ұстай отырып, біраз нәрселер айтылды. Бүл ССРО мен Қытайдың араз болып тұрған кезі. Бірақ, бұл араздық уақытша екенін, науқандық нәрсе екенін де білегінбіз. Сондықтан, екі ел араз екен деп, бір елге топырақ шашу, жала жабу, жамандау ойымызда болған жоқ. Әдейі кара бояу жағу, дұрысын қисайтып көрсету, қаралау дегенді білмедік. Бастан кешкен шындықты жазуға тырыстық. Екі ел тату бола ма, араз бола ма – тарихи шындық, өскен орта, өмір, тіршілік бейнесі бұрмаланбай қағаз бетінде қалуы керек. Осы ойымның, осы позициямның дұрыс болғанына бүгін көзім жетіп отыр. «Соңғы көштің» бірінші кітабы шыққалы, міне, жиырма бес жыл болды. Содан бері қайта басылған жоқ. Осыдан екі-уш жыл бұрын қолжазбаны «Жазушы» баспасына қайта тапсырдым. Жақында алғашқы терілімін (версткасын] оқып, беріп жібердім, биыл шығып қала ма деп отырмын. Баспаға берер алдында «Соңғы көшті», екі кітабын бірдей қайтадан оқып шықтым. Өзің білесің, дүние бүгін өзгерген: ССРО деген империя жоқ. Қытаймен біз енді басқа қатынастамыз... «Соңғы көштегі» көп нәрсе өзгерсе, ескірсе керек еді. Бетке шіркеу болатындай бір жерлері алынып тасталса керек еді. Бірақ, ширек ғасыр өткеннен кеиін де мен сол шығармаларды қайта қарап отырып, еш жеріне қол тигізе алмадым. «Соңғы көштің» бірінші кітабында да, екінші кітабында да цензура алып қалған тараулар бар еді, «қырағы» редактор, қырағы бас редактор алып қалған кейбір беттер бар еді. Олардың бәрі менде сақтаулы тұратын. Соның бірі – бұл жақтың қазақтары ана жаққа ауып барған 30-шы жылдардағы ашаршылық туралы тарау еді... Соның бәрін кайта қостым. Бұдан басқа ештеңе қосқан да жоқпын, ештеңе алған да жоқпын. Одан бері талай уақыт өтті, заман өзгерді, саясат өзгерді, бірақ мен бұл кітабымда, қазіргі жаңа көзқараспен қарағанда, айта алмаған, кем қалған жайттар бар деп ойламаймын. Демек, о баста-ақ біршама дүрыс бағыт, позиция устанғанмын. Өзіме риза болатын бір жерім – осы. Бірақ, Шыңжан шежіресі – үлкен шежіре. Мен соның бір тарауын, бір тақырыбын ғана жаздым және ойға алғанымды орындадым. Менің кітабымдағы оқиға, тартыс орны – Тарбағатай аймағы. Ал, Алтай шежіресі, ол – бөлек әңгіме. Мен оған кітаптағы кейбір кейіпкерлерім арқылы ғана терезе аштым. Бүл тақырыпқа қазір жігіттер жазып жүр, мен оларға табыс тілеймін.

–  Сонымен, «Соңғы көштің соңы» деген кітап жазылмайды ғой, шамасы...

– Ана «Соңғы көш» сонымен бітті. Мен бул тақырыпты басқаша жалғастырдым Сенің көзіңе түсті ме, туспеді ме, білмеймін, одан кейін мен, мәселен, «Атамекен» деген дүние жаздым. Баяғы көшіп келгендер бұл жақта қалай тіршілік етті? Отыз жыл бурын ажырасып кеткен бауырлар мұнда қалай табысты. Мысалы екі достың, екі ағайынды адамның біреуі – онда қалған, біреуі – мұнда қалған. Мәселен, академик Атаханов осында қалды, Қайдар деген ана жаққа кетті. Отыз жылдан кейін қайта табысып отыр. Шалқайысып кеткен екі бұтақ қайта кеп түйісті. Тарихтың екі сатысында ғұмыр кешкен адамдардың таным, тағдыр, тәлім-тәрбиесіндегі айырмашылықтар қандай... Міне, «Атамекенде» кайта табысқан жандардың тағдырындағы осы мәселелер көрсетіледі. Бұл да өзінше шешімін тапқан тақырып болды-ау деп ойлаймын. Демек, соңғы көштің шежіресі жалғасып жатыр, жалғаса да береді.

– Енді мынадай мәселе, Қабдеш аға. Елім, жерім деген қаны бір туыс біртіндеп келіп жатыр. Үкімет те шамасынша қарайласып, көмек етуде. Ана жылы кедей туыстарын қосып алғанда, бөркін аспанға атқан бай германдықтар қазір соған онша қуанбайтын сияқты. Тарихи отанына көшіп барған қазақстандық орыстарды ресейліктер «қазақтар» деп жақтырмайтын көрінеді. Біздің баймыз деп те шалқаятын, кедейміз деп те мусіркенетін жайымыз жоқ қой. Сонда да болса, осындағы қазақтар мен көшіп келіп жаткан ағайындардың арасындағы тұрмыстық, психологиялық т. б. турғыдан жаңағыдай жатырқаушылық байқалмай ма? Қанша дегенмен, өзіңіз айтпақшы, ондағы қазақтар мен мұндағы қазақтар тарихи даму кезеңдерін бастан әр қилы өткеріп, әр түрлі саяси мемлекеттік жүйеде, басқа мәдени ықпалдар аясында өмір кешіп келді ғой...

– Түсіндім... Ондай айырмашылықтар болады «Соңғы көштің» екінші кітабының эпилогында мынадай сөйлем бар... Оны, әрине, менің кейіпкерім ойлайды... ол ой: «шекарадан осы өтіп жатқан адамдар небәрі қырық-елу шақырымдык жолды ғана басып өтіп жатқан жоқ, тарихтағы қырық-елу жыл арақашықтықты басып өтіп жатыр» дегенге саяды. Өйткені ондағы даму деңгейі мен мндағы деңгей екі басқа еді...

Содан, 1962 жылы біз келдік. Әр совхозға 40 үйден, 50 үйден орналастық. Жақсы орналастық. Мен осы көші-қон кезіндегі Кеңес өкіметінің тәжірибесін неге алмасқа деп ойлаймын. Қазіргі Қазақстандағы көші-қонды басқарып жүрген азаматтардың тірлігіне, салдыр-салақ жүмыстарына қарап, мен сол, осыдан 36 жыл бұрынғы көшті ұйымдастырудың артықшылықтарын еске түсірем. Келгендер бір айдың ішінде жұмысқа орналастырылды. Үш айдың ішінде бәріне бірдей паспорт таратылып берілді. Және паспорт алам деп ешкім ауданға да, облысқа да сабылып, сандалған жоқ. «Паспортный столдың» адамдары ауылға өздері келіп, тізімінжурналдарына тіркеді де, бәрін өздері дайындап, паспорттарын үлестіріп берді. Мен өзім шекарадан өткеннен кейін, екі айдай ауылда болып, Алматыға келгенімде, паспортпен келдім. Міне, іскерлік деп, жүмыс жургізудің ретін білгендік деп осыны айту керек. Ал, енді паспорт беру үшін шетелден келген адамдарды тексеру керек болса, «сүзгіден» өткізу керек болса, онда мен айтайын, сол кездегі Кеңестер Одағынан сақ мемлекет болды ма дүниеде? Сол кездегі КГБ-дан сақ мекеме болды ма? Тіпті, солардың өзі көшіп келген жүртқа сеніммен қарап, тездетіп паспорт берді. Кеңестер елінің азаматы деп таныды. Қазір мен таң қалам –өзінің тәуелсіз еліне келіп отырып, көп жұрт 5-6 жылдан бері әлі паспортын ала алмай жүр? Ал сол кезде, империяның босағасында отырған Қазақстанда бұл жағдай болмап еді...

Ал, енді өзің айтқан жатырқау, айырмашылык дегенге келейік. Ол – болады. Біз, өзіміз мұндағы тіршілікке тез көндіктік. Бір тәуірі, жүмыссыз қалған ешкім жоқ. Бәрі өз кәсібімен айналысып кетті. Мұнда келген соң, бір жұмадан кейін бір қора қойын, бір табын сиырын бағып, жайлауға шығып кетті менің туыстарым. Осы жағдай – тұрмыстың түзелуі, кәсіптің болуы – әлгі айтқан тосырқау, жатырқау дегенді тез ұмыттырды.

– Ана жақта әжептәуір жоғары қызметте отырған адамдар, мұнда келген соң біліміне, қабілетіне сай жұмыс таппай қалған жағдайлар да болды емес пе?

– Дұрыс айтасың. Ол жағдай болды. Біздің алдымызды тосқан нәрсе – мына орыс тілі. Көшіп келген ел бұл тілді білмейтін. Ол жақтан ауданның әкімдері келді, облыстың уәлилері (губернатор) келді, министр, заң министрі, облыстық прокурор болған кісілер келді мұнда. Солар жаңағы тілдік бөгеттен аса алмады да, амал жоқ, кіші-гірім қызметтер істеді. Мысалы, Шыңжандағы қазақ облысының бастығы, яғни, сондағы бір миллион қазақтың серкесі Жағда Бабалықов (ол кісі қазір бар), мына «Мәдениет және тұрмыс» дейтін журналдың... хат бөлімінде отырды. Міне, сол кісілердің азаматтығына таң қаламын. Сондай биік мансапты, жайлы орындарын тастап, халықпен бірге, шекарадам өткен көштің серкелері боп бастап келді. Және олар бұдан ұтылған жоқ – мұнда өздері жетпеген жерге бүгін үрпағы жетіп отыр. Қазір о жақтан келген жұрттың ішінен үлкен ғалымдар шықты, генералдар шықты. Жаңағы мансаптан айырылған адамдардың бірі – Әнуар Төгісов деген кісі еді, баласы Әмірбек қазір еліміздің Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал... Мұндай мысалдар айта берсе көп.

Ал, енді кейбір тұрмыстық, психологиялық үйлеспеушіліктер аз уақытқа болса да кездесетін шығар. Біз түгілі, ол өзің айтып отырсың, орыстарда да болып жатыр. Біз түгілі, ол бір-бірінен бар-жоғы қырық жыл бөлек тұрған батыс пен шығыс германдықтарда да бар. Ал, біз бірнеше ғасыр бөлек тұрған қазақтармыз... Бірақ, бұл – өтпелі ғана нәрсе. Бір-бірінен ажырап қалған ағайынның қайта қосылып, тұтасып кетуіне – ол үлкен бөгет емес.

– Сіз – қазір Алашқа әйгілі қаламгерсіз. Демек, шығармашылық тағдырыңызда да бақытты адамсыз. Егер ана жақта қалып қойған жағдайда жазушылық жолыңыз қалай қалыптасқан болар еді деп ойлайсыз?

– Қызық сұрақ... Мен әдеби шығармашылығымды ана жақта бастадым. Және ерте бастадым. 8-ші класта оқып жүргенімде өлкелік газетте алғашқы өлеңдерім басылды. Гимназияның 10-класында жүргенде «Шұғыла» дейтін журналда алғашқы әңгімем жарық көрді. Мен жалғыз емес едім, менімен бірге әдебиетке сол кезде ондаған жас таланттар келген. Ал енді... мен мұнда жүрмін, олар онда қалды, түгендеп көрсем, солардың көбі қазір жоқ. Сен сұрап отырсың, жазушы ретінде қалай қалыптасар едіңіз деп... Мен ойлаймын, ол жақта жүрсем, ең алдымен тірі қалар ма едім, қалмас па едім деп. Көктей орылып кетуім мүмкін еді... Менімен бір класта оқыған жігіттерді айтайын алдымен. Тоқтарқан Жекібай, мәселен, сонау Тарымдағы лагерьде жүріп өлді. Қыдырбек Оралов... жасырынып жүргенде 69-жылы Алтайда оққа ұшты. Атақты лирик ақын еді. Тағы сол секілді, түрмеде отырып, содан оңала алмай кеткендер, бас амандығын ойлап, жазуды мүлде тастап кеткендер қаншама?! Қуғын-сургінде жүріп далада қалған таланттар қаншама?! Бірен-саран амам қалғандары да бар, ол жақта жазып жүр... бірақ, қанша жаздырғанынша, цензура, саясат қаншалық ерік бергенінше ғана. Мен өзімді бакыттымын деп ойлаймын. Ең алдымен, осы күнге аман жеткенім үшін бақыттымын. Отбасым аман, қаншама кітаптар жазылды... Жоқ, ана жақта жазушы боп қалыптаса алмас едім. Оққа алдымен байланып кетуім мумкін еді. Кейбір балықтар ұрық шашу үшін небір қиын өзендерді өрлеп өріс іздейді екен ғой. Менің ана жақтан «Соңғы көштің» жоспарын алып келуім соған ұқсайды. Мен мұнда ұрык шашу үшін келдім! Кітаптарым – сол шашқан ұрығым. Ағынға қарсы жүзіп келіп шашқан ұрықтарым...

– Отанға оралып жатқан шығармашылық өкілдерімен таныстығыңыз қалай?

– Бізден кейін, мына 90-жылдары шекара ашылғаннан бері, ақыны, прозашысы бар, ондаған қалам иелері келді осында. Жастар көп. Шеттен келген қазақ ақындарына Қауымдастық (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы – ред.) былтыр және биыл екі мәрте Мүшәйра ұйымдастырып берді. Былтырғы Мүшәйрада төралқа мүшесі болдым, олардың өлеңдерін түгел оқып шықтым. Жақсы ақындар бар. Ең үлкендерінің бірі – жасы алпыстан асқан Серік Қапшықбайұлы деген ақсақал. Бір кезде бірге оқыған едік. Он бес жыл түрмеде жатып шыққан жігіттердің бірі. Басы – олжа, ана жақта әрең-пәрең тірі қалғандардың бірі. Одан басқаАлмас Ахметбекулы, Керім Елемес, Дүкен Мәсімханұлы сияқты талантты жастар бар. Мұқаншы ауданында мұғалім боп жүрген Имашқан Байбатырұлы сияқты елде жүргендері де көп. Біраз прозаиктер бар. Жақсылық Сәмитұлы деген жігіт келді (ол да Тарым лагерінде болған). Қазір Оспан батыр туралы, Шығыс Түркістан туралы роман жазып жур.

– «Жұлдыздан» бір романын оқып едім. «Сергелдең» деген. Жақсы дуние екен...

– Иә жақсы роман. Тілі де, бәрі де жақсы. Мұнда келіп, прозадан бірден ілініп кеткен де – сол Жақсылық Сәммтүлы...

– Осы жерде бір сұрақтың реті келіп тұр. Жаңағы «ілініп кеткен» деген сөзіңізден шығады. Екі жақта дамыған әдебиеттің өзіндік ерекшелігімен қатар, деңгей айырмашылығы да бар деп ұғамыз ғой?

– Деңгей айырмашылығы, әрине, бар. Бұл ешкімнің көңіліне келмеуге тиіс. Қазақстандағы қазақ әдебиеті – орыс әдебиетінің, орыс тілі арқылы бүкіл әлем әдебиеті озық үлгілерінің ықпал, дәстүрін бойына сіңіре отырып дамыған әдебиет. Мысал ретінде Әуезовты айтсақ та жеткілікті... Есесіне, ана жақтан келіп жатқан қаламгерлерде қаймағы бұзылмаған қазақтың бай тілі бар, солар бейнелеп, солар ашуға тиіс тақырыптар, шындықтар бар. Ал, таланттар, жаңа айттым, жеткілікті. Соның ішінде, жазу мәдениеті осындағы сияқты жоғары деңгейде тұрған жазушылар да болған, қазір де бар. Жақсылық Сәмитұлын айттым... бұл қатарда марқүм Бұқара Тышқанбаевты да айтар едім. Жұрт білетін Бұқара – Бұқараның жартысы ғана... Міне, мынау – оның баспадан биыл шықан «Аманат» деген кітабы. Ішінде өзің мақтап отырған «Майлы Жайыр" топтамасы да бар... мен осы кітапқа алғысөз жаздым. Сонда бәрі айтылды. Шыңжандағы қазақ әдебиетінің классигі Қажығұмар Шабданұлы деген жәзушы бар. Қазір түрмеде отыр. Мына жатқан қалың кітап – сол кісінің «Қылмыс» деп аталатын алты томдык үлкен романының бір кітабы ғана. Романның формасы да қызық: бастан-аяқ түрмеде жатқан адамның тергеушіге берген жауабы түрінде жазылған. Міне, осы сияқты бірқатар шығармалар жалпы қазақ әдебиеті дамуының жоғары деңгейінен табылатын дүниелер деп ойлаймын.

– Атамекенге оралып жатқан қазақтарға айтар тілек, ақыл-кеңесіңіз...

– Ел деп, жер деп, келген соң, енді мұндағы толмай жатқан кем-кетікті, кездескен кейбір қиыншылықтарды шотқа салып, сынап-мінеудің керегі жоқ. Дүниеде шотқа салынбайтын, пайда-зиянымен өлшенбейтін нәрселер бар. Соның ең бастысы – Отан. Отаншылдык ол жақтағы қазаққа да, бұл жаққа да керек. Елім деп келдің – енді сен өгей емессің. Осы елдің перзентісің, бел баласысың, азаматысың. Бөгелме, тосырқама, білегіңді сыбанып қолыңнан келетін іске кірісіп кет. Білім ал, еңбек ет, ғылымды меңгер. Қазір іскерлер заманы. Бұйырған алмайды, жүгірген алады... Елім деп келген азамат содан шет қалмасын, аралассын, додаға кіріп көкпардың бір пұшпағына жарамассын. Ел деп, атамекен деп осыдан отыз алты жыл бұрын жалғыз шекпенді иығыма іліп шекарадан өткеннің бірі – мен едім. Шеттен келген екенсің деп ешкім маған ештеңесін бөліп берген жоқ. Өмірім күреспен өтті. Бүгін ел таныған азамат, Қабдеш Жумаділов деген жазушы болсам – бәрі сол еңбек пен күрестің арқасы. Күресу керек. Көзім жеткен ақиқат та, айтарым да – осы.

Әңгімелескен – Турсын МҰХАМЕД. «Алтын бесік» журналы, 1998 жыл, № 1.