Skip to main content
+7 702 947 5837 kabdesh.zhumadilov.kz@mail.ru

Сұхбаттар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай


Максат: -Аға Алтын Ордадан бастап, одан бері Ақ Орда, Көк Орда. Қазақ хандығының құрылуы, Жәнібек пен Керейтің бөлініп, Орда құруы. Осы мәселелер төңірегінде айтып берсеңіз...

Қабдеш аға: - Жалпы биыл біз қазақ хандығының құрулуының 550 жылдығын атап өткеніміз өте дер кезінде істелген шаруа болып отыр. Өте өзекті, өте қажетті, өте зәру мәселелерді дер кезінде 550 жылдықты атап өтіп отырмыз. Себебі, бұған дейін осының алдында қазақ тарихы туралы неше түрлі алыпқашпа әңгімелер болды. Бізде хандық болған жоқ, мемлекет болған жоқ, шекара болған жоқ деген де көзқарастар болды. Оны өзіміз де айтып қоймай, көрші елдердің иделогтары ашық айтып, табалап, қорлаған кездері болды. «Бұл қазақта мемлекет те болған жоқ, шекара да болған жоқ, хандықтар да болған жоқ. Сондықтан бұларға тәуелсіздік не керек» деген мазмұнда. Осыны Ресейдің Салженицын, Жириновский сияқты идеологтары ғана емес, мемлекет басшыларының да аузына салды. Ресейдің басшылары да осындай сөз айтты. Оның айтқаны сағат-минутына дейін менде жазулы. Бұл айналып келгенде қазақты қорлау, табалау болатын, біздің намысызымызға тиетін сөздер еді. Қазақта ел болмаған, жұрт болмаған, хандық болмаған деген сөз біздің тарихымызды жоққа шығару деген сөз ғой. Сол үшін дәл биылғы жылы Н. Назарбаев осы мәселені дер кезінде көтерді. Егер біз дәл биыл қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтпесек, ол біздің елдігімізге сын болар еді, ұлтымызға сын болар еді. Бұл әлгі қазақта ел болмаған, жұрт болмаған дегендерге дер кезінде айтылған жауап болды. Бұл бір. Ал енді екінші біздің қазақ хандығы қалай құрылды, қандай алғышарттар болып тұр еді деген сұраққа келсек, Алтын Орда деген үлкен қағанат, империя болды. Бұл Шыңғыс хан тұсында, Шыңғыстың баласы Батудың тұсында құрылған Алтын Орда. Орыстар Алтын Орда деп атайды, ал басқа елдер Қыпшақ мемлекеті деп атайды. Бұл үш ғасырға созылды. Бүкіл 13, 14 және 15-ші ғасырдың ортасына дейін созылды. Оған барлығы қарады. Бүкіл Орта Азия, бүкіл Еділ бойы, бүкіл Кавказ, Дунай, Днепрге дейін, бүкіл Россия түгел Алтын ордаға, қыпшақ мемлекетіне бодан болып тұрды. Не нәрсенің басы болса, аяғы да болады дейді. Еш нәрсе де мәңгілік емес дегендей. 15-ші ғасырдың басына келгенде бұл Алтын орда да ыдырап, тарай бастады. Өзара алауыздық, таққа талас, әлсіреу бірте бірте тақтан таюға және империяның ыдырауына әкеп соқтырды. Сонымен Ресей бодандықтан құтылып, өз алдына Москва княздығы, Ресей мемлекеті болып бөлініп шықты. Алтын ОРданың негізін құраған түрік мемлекеттері, түрік рулары Еділ бойындағы Қазан хандығы, қазіргі татарлар бір бөлек, Астрахань бойына бір бөлек, сонау Ноғайлы болып, ал Орта Азияға келсек, Жошының әулеті, Шағатайдың әулеті Ақ ОРда, Көк Орда қылып, бүкіл Мәренақыр Шағатай ұрпағына қарап қалды, қазақ даласы Жошының ұрпағына қарап қалды. Бірте бірте бұл жерден де жан жақта бөлінді. Осындай бөлініп жатқан кезде қазақ руларының басын құрап, Шайбанилердің үстемдігінен алыстап, ОРысханның немерелері Әз Жәнібек пен Керей хан қазақ руларының басын құрап, қазіргі Жамбыл облысы аумағындағы Қозыбасы деген жерде қазақ хандығының туын тікті. Әрине ол жерде бірден 100-200 мың шаңырақ бірден келе қалмаған. Керей мен Жәнібектің соңынан еріп, жалға берген. Біз қазақ хандығының 550 жылдығын атып өтіп жатырмыз, бұл дегеніңіз 1465-тен бастағанымыз. Ал 65-те хандық нығайған кез. Ал бір тарихшылар 1456 жылы, көшіп-қонған жері, бөлініп келген жері 1456-шы жыл дейді. Олай есептейтін болсақ 550 жылдығы емес, 560 жылдығын атап өткен болар едік. Бірақ оның ары-берісі жоқ. Ол кезде Моғолстанның жері болып келеді Жамбыл облысының жері. Ал Моғолстанға бүкіл Шыңжаң қараған, бүкіл өзбек жері, бүкіл ұлы жүздің Дулаттардың барлығы Моғолстанға қарап тұратын. Қақа жартысы қазақ руларынан құралған. Сондықтан Әз Жәнібек пен Керей хан неқұрлым қазақ ханы бар руларды аналардан бөлінсек деп, көшпенділерді негізінен. Көк ОРдаға негізінен отырықшылар қараса, ал Ақ Ордаға көшпенділер қарады. Сол уақытта қазақ рулары құралып қалды. Қазір қазақ рулары көп түрік мемлекеттердің құрамында жүр. Наймандарды алыңыз, Дулаттарды алыңыз, Қоңыратты алыңыз..Өзбектің де құрамында жүр, қарақалпақтың да құрамында жүр. Олар башқұрттың да құрамында жүр. Сол ұлттар мүлде тарап, мүлде жойылып кеткенге дейін қазақ руларының басын қосып, хандықтың руын тігу бұл тарихтағы үлкен оқиға. Яғни қазақ тарихының, қазақ хандығының қайта туған күні деп қарасақ та болады. Ал егер сол жолы Әз Жәнібек пен Керей хан қазақ хандығының туын тікпесе, қазақ хандығын құрмаса. Кім біледі қай рудың қайда кетерін, кімнің босағасында отырарын. Біз қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау өте қажет дедік, зәру дедік, өте маңызды, өте өзекті мәселе дедік. Оның екінші жағы тағы бар. Біз осы тойды тойлай отырып, біз қазақ тарихына бүгінгідей бұрмаланып келген, айтылмай келген қатпарларын ашуымыз керек, бетін ашуымыз керек. Керей мен Жәнібек қазақтың хандығын құрған қазақ екенін, оның арғы жағында әкесі кім болған, оның арғы жағында бабасы кім? Ол кімнің әулеті? ОЛ Шыңғысханның әулеті. Қазір шежірешілер Әз Жәнібек пен Шыңғыс ханның арасын есептеп бере салады. Әлде он ата, әлде сегіз ата. Ал Шыңғыс хан кім? Осы күнге дейін біз жалған теориямен, отаршылдардың таңған тәліміменен жүріп келдік. Шыңғысхан моңғол екен.. Ол түрік емес, қазақ та емес.. Ол шығыстағы моңғол деп. Қазаққа, түрікке жолатпау жағын ұстанды ғой. Өйткені Шыңғыс ханменен түрік халқын қоспау, бсаны біріктірмеу, алдын ала жоспарланған сондай саясат жүріп отырды ғасырлар бойы.. Ал енді дүние ашылып жатыр. Моңғолдың құпия шежіресін немесе Тарихи Рашидидің тағы басқалардың тарихи шежіресін орысшаға аударғанда қасақана теріс-қағыс аударған ғой. Шыңғысханның түрік екенін айтатын жерді қалдырып кеткен, сызып тастап отырған. Қытай аудармасы да басқасы да.

Сұрақ: Қазақ халқы төрелер тұқымына қарыздар десе де болады ие, дәл осы мәселеде.. Қазақ хандығын құрып, жеке мемлекет жасап бергеніне. Бірақ сол төре тұқымы сол мемлекетті аяғына дейін ұстап қала алмады. Ол жағынан келгенде қазақ халқы оларға өкпелі де. Мәселен, 15-ші ғасырда хандық құрылғанымен арада төрт ғасыр өткенде күреді де өзара алауыздығының нәтижесінде. Жалпы қазақта төрелер тұқымы жайында өз ойыңыз қандай?

Қабдеш аға: - Төрелер, қазақ халқының ішінде, қазақ хандығында бар.. Шыңғысханды моңғол деп жүрміз ғой. Бірақ қазіргі моңғолияда Шыңғысханның бірде бір әулеті, тұқымы жоқ. Шыңғысхан төре деген рудан шықса, ал моңғолияда бірде бір төре деген ру жоқ екен. Өткен жылдары делегациямен бірге Шота Уалиханов досымыз, ағамыз барып қалған екен Моңғолияға Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге барған. Сонда үш күнге сұрап әкетіп Шотаны бүкіл шұлығын сүйіп, етігін сүйіп, Шотаға табынып, басұрған. Шыңғысханның тұқымы дегенге. Ал бұлардың моңғол емес екені, төре тұқымының бүкіл Моңғолияда жоқ екені ол айдан анық. Бұл Бір. Екінші төрені төбесіне тұтатын халық ол біздің қазақтар. Ештеме деместен мынау төрені төрге отырғызу, төреге билету, төреге билік беру басқа ұлттарда жоқ. Тіпті түрік тайпаларында жоқ. Біз ғана төрелерді құрметтейтін ел біз. Өйткені төре біздің қазақ руларынан шыққан нәрсе. Қазақ руының біреуі. Сонау Шыңғысханнан бері келе жатқан төре тұқымы біздің түріктердің басын құраған, билеген ел ғой. Сол төрелерге билік бергеніміз өте дұрыс болған. Содан кейін қазақ өзара таққа таласуды қойған. Үш жүз болып, қырық ру болып, тайпа болып. Таққа мен отырамын демеген. Небір дүл-дүл билер болған Төле би , Қазыбек би секілді. Одан бөлек Қабанбай, Бөгенбай секілді батырлар да мен хан боламын деп билікке таласпаған. Өйткені бұл заң әбден бекіп қалған. Қазақты төрелер билеуді керек. Бұл өте дұрыс шешім болды. Содан кейін төрелер билеп келді. Әз Жәнібек пен КЕрейдің балалары Бұрындық, Әз Жәнібектен тараған Қасымхан, одан тараған Қақназар хан, одан тараған Тәуекел хан келе береді. Абылайға дейін, Әз Тәукеге дейін. Одан Кенесарыға дейін. Ал осылардың бірде бірі қазақ халқы үшін, қазақтың басын құрау үшін еңбек етті.

Сұрақ – Олардың барлығы қазақ тілінде сөйледі, ғой, моңғол тілінде сөйлеген жоқ қой.

Қадеш аға – Бұлар басын берді ғой. Басын берген хандар басқа ұлттарда, басқа тарихтарда кездеспейді. Мысалы Салқам Жәңгір майданда басын берсе, Хақназарды да майданда қазақ тапты дейді. Тоғыз ұлымен бірге Тоқымхан 530-шы жылдары қырғызды қорғап қаламын деп Ақсу хандығыменен, соғыс кезінде тоғыз ұлыменен, қанша Сұлтандармен бірге қарап болған ғой. Қазақ үшін, қан майданда басын берген хандар. Сондықтан біз төрелерге, Шыңғыс әулетіне қарыздармыз. Дер кезінде ел болғанымыз үшін, ұлт болғанымыз үшін. Бізді қорғап қалғаны үшін сыртқы жаулардан. Және олар қазақты ғана қорғап қалған жоқ, қырғызды қоса қорғады ғой. Бұрын қырғызда хандық болған жоқ. Қазақта алты арыс дейді сол арыстың біреуі болып қырғыз манаптары қазаққа бағынып келді қазақ хандығына.

Сұрақ – Төрелерге қазақ халқының өкпесі бар ма, жоқ па?

Қабдеш аға – Ең соңғы төрелердің бірі Кенесары хан басын берді ғой. Бүкілі жабылып жүріп, орысы бар, қоқаны бар, қырғызы бар қолға түсірді. Ақыры басын жойды. Оны білесің.. Ол жағына бармай-ақ қойсақ. Ішінде алауыздық туғаны рас 19-шы ғасырларда хандық жойылғаннан кейін. Ол алауыздықты кім туғызып отыр. Орыс отаршылдары. Біреуіне жем тастап, екіншісіне бермей, үшіншісін қысып, төртіншісінің өрісін кеңейтіп. Аға сұлтан дейтін мәнсап шықты 7-8 дуанда. Соған көп Шыңғысы бар, Құдаймеңдесі бар, Бөкейі бар Аға сұлтанды місе тұтты, сонымен разы болды. Орысқа қарайтын болып келісті, бодандықты қабылдады. Ал Қасымның тұқымы оған келіспеді. Сонымен Кенесарының шығатыны, Қасым төтерілісінің шығатыны сондықтан. Мысалы, ШОқанды алайық, оның орнын немен толтырасың.. Одан кейінгі Әлихан Бөкейхановты алайық. Бүкіл Алаш жұртының көсемі. Алаш идеясының туын көтерушісі қазақтың. Атасынан келе жатқан тәртіп. Содан мен «Ханның басы қанша тұрады?» деген повесть жаздым. ОНың қолға түсуі, опасыздардың сатып кетуі. Кеше әскер әкеп қосып, жылыстап шығып кеткені. Содан қалың әскер алдында мың ғана әскермен қоршауда қалуы, қалай өлгені туралы. Сонда Кенесарыдан сұрайды ғой «Жеңеміз бе, жоқ әлде жеңілеміз бе?» деген де «Егер біз ақырғы деміміз шыққанша күреспесек, өзіміздің тәуелсіздігіміз үшін күреспесек ұят болар еді. Әруақтардан ұят болар еді. Ертең Абылайхан әруағы алдында не бетімізді айтамыз» дейді. Бұл Кенесарының сөзі. Ал енді өзара алауыздық болса, орысқа бейімделгіш, мәнсапқа сатылып кеткендер, оны да ыдыратып отырған мына Ресей империясы. Ол кезде рубасыларын да сатып алып отырған. Мынадай тор құрған ғой Кенесарыға, «Біз мына Арқа жақтан ығыстырып қуайық, сендер мына жерде қақпаны ашып отырыңдар» деген. Сонда Рүстем төре бар, Сыпатай батыр бар. Солардың барлығына бір жыл бұрын Вищневский барлығын жинап алып, шапан кигізіп, тапсырмамен таратқан. Осы сценари бойынша Кенесары қолға түсті. Әрине олардың қолынан ақырына дейін күресу келмеді. Әлихан Бөкейханның да. Азаттықты ұстап тұруға шамасы келмеді. Ол үшін оларды жазғыруға, кінәлауға болмайды. Себебі, империяда қарудың барлық түрі болды. Дивизия әскер қысқөанда не істейсің? Кенесарының Жетісуға келуі ол жетіскендіктен емес, уақытша болса да бой тасалау. Бір ғана үміт болды, қырғыздарды көндіріп, соңымнан ертем. Өйткені олар Қоқаңның қоластында бодан болып отырды. Содан кейін Оңтүстіктегі, Сыр бойындағы қазақтарды соңымнан ертем деп ойлаған еді. Бірақ ол ойы жүзеге аспады. Соңынан ереді деген рулар ермеді. Қырғыздар екіжүзілік танытты, сатып кетті ақыры. Төрелердің жолы болмаған себебі сол. Шыңғысхан жайында таласып жүрміз, бірақ оның түрік екені анықталды. Бұдан кейін Шыңғысхан моңғол деген сөзді айтпауымыз керек. Біздің баспасөзде, не басқа да ондай сөз айтылмауы керек. Ал енді таласып жүрміз, біреуі қият деп, енді біреуі жалайыр деп. Ода тұрған ештеме жоқ. Алдымен түрік болсыншы. Қият та түрік, Жалайыр да түрік, қазақтың бір руы. Мұхтар Мағауин 4 томнан тұратын Шыңғысхан туралы кітап шығарған. Бүкіл түменбасыменен барлық нояндары, бүкіл мыңбасылары түгел түрік жігіттері болған. Бірде бір қалмақ, бірде бір моңғол болмаған. ОРыстардың өз есебі бойынша Бату ханның 250 мың әскерінің ішінде Батысқа шабуыл жасаған, төрт-ақ мың моңғол текті сарбаз болған екен. Оның өзі таза моңғол емес, бергі шеттегі ойраттар. Мен Ресейде шығатын газеттен оқыдым. Тарихтағы парадокс. «Бізді 300 жылға жуық моңғол-татарлар билеп тұрды дейміз» дейді. Бірақ орыс тіліне енген бірде бір моңғол сөзі жоқ, ал есесінен жүздеген мыңдаған түрік сөздері еніп кеткен екен. Сонда біз моңғол деп жүргеніміз түрік болғаны ма? Деп сұрақ қояды. Осындай тарихта өзі сөйлеп тұратын детальдар болады. Біз соларды іске асыруымыз керек. Сондықтан Шыңғысхан секілді бабамыздан безбеуіміз керек. Ондай баба әркімде-ақ болсын Шыңғысхандай бабасы. Шыңғысхандай қолбасы, Шыңғысхандай ұлылар. Ондай бабадан кім қашады, біз ғана қашамыз қазақтар. Бұл енді отаршылдардың әсері, тәлімі ғой. Шыңғыс хан мен түріктердің басын қоспау, бізге жолатпау, Шыңғысханды айдаладағы моңғол еліне теліп беру. Ал моңғол екі миллионға жаңа толды. Одан бері тоғыз ғасыр өтті. Шыңғысханның тұсында моңғол ол жерде болмаған. Енді Шыңғысханның даңқына ие болып отыр.

Сұрақ: -   Ұлыбритания, Испания, Жапониядағы секілді өздерінің билеушіә әулетін бөлек ұстайды ғой. Төбесіне көтеріп. Сол секілді бізде төре тұқымын қайтадан жаңғыртып, номеналда түрде болса да ұстап тұру қажет деп ойлайсыз ба?

Қадеш аға - Жоқ. Оның заманы өтті. Жуырда біреулер хандықты қайта құру керек деген әңгіме болғаны рас. Бірақ қазір хандықтың да заманы өтті. Келмейтін нәрсені қайтадан жаңғыртудың қажеті жоқ. Ал қазір дүниені жеңген демократия ғой, дүниеге үстемдік етіп отырған. Бізге де демократия жат емес. Біз о баста демократияшыл елміз. Қазақтың дала демократиясы деген демократиясы болды. Мен «Дарабоз» деген романымда шамам келгенше соны дәлелдеуге тырыстым. Қазіргі екі палатадан тұратын парламент Қазақ хандығы тұсында да болды. Абылай тұсында жоғарғы кеңес пен билер кеңесі қатар жұмыс істеді. Абылай билер кеңесін шектеді. Жоғарғы кеңесте рубасылар, қолбасылар, батырлар шықты бірінші планға. Ал билер ішкі мәселелерді қарайды. Жер дауы, жесір дауы. Мысалы Абылай өз қолымен ішкімді өлім жазасына кеспеген. Содан қырғыздарды шауып ішіне кіргенде, қырғызда хан жоқ, манаптар бар. Сол әр манаптың үйінің қасында дарға асатын ағаш тұр дейді. Сөйтсе әр манап өзіне жақпаған адамды дарға аса беретін болған. Ал Абылай осы дарға асатын ағаштарды жинап алып, өртеткен екен. Бұл қайдан шыққан тәртіп деп. Содан қырғыздар біршама тәртіпке келген.

Сұрақ: – 15 ғасырға қайта шегінсек. Сол замандарда қазақ әдебиеті жайында айтып берсеңіз. Әдебиет қалай дамыды. Қазақ әдебиетінің басын да сол кез еді ғой.

Қабдеш аға: - Ол кезде жыраулар, ақындар кейін шықты ғой. Жыраулар әрі батыр, әрі жырау болды. Қазақ хандығы алғаш құрылған кезде Қазтуған, Шалкиіздер қазақ хандығын қолдады. Өздерінің жырауларында. Соларды көтермеледі, дәріптеді, жырлады. Себебі, олар да мүдделі болатын. Бұрын көрінгеннің босағасында жүрген жыраулар, ұлылардың бірге басқосқанын қалады. Асанқайғының Әз Жәнібекке айтқаны, Доспамбеттің Битемірге айтқаны, негізінен қосыныс мәселесі, өріс мәселесі, қайда қону керек, Асанқайғының Жерұйықты іздеуі қазақ хандығы үшін. Осының барлығы иделогия. Бір кезде ноғайлы бөлек болып тұрды бізден. Еділдің бойы, Астрахань жақ. Ол Әз Жәнібектің тұсында емес, Хақназардың тұсында келіп қосылды. Сонда өзінің жырауларыменен, елімен, жұртымен ноғайлылар келіп қосылды. Одан бөлек моғолстандағы қазақ рулары, кіші жүз рулары қазақ хандығының санын молайытты. Қасымханның тұсында 200 мың әскер шығартын еді деп жүрген кезі, қазақтың көркейген кезі. Бұрын біз Бұқар жыраудан аттап бастырмайтын, рұқсат бермейтін. Ал одан әріге барсаң қазақ хандығы сөз болады, бүкіл қыпшақтар сөз болатыны белгілі. Ал ол орыстар үшін тиімсіз болатын. Қайта құдай сақтап жылымықтың кезінде 60-шы жылдардағы жаңағы Жыраулар поэзиясы жарыққа шығып, ол туралы диссертация қорғалды.   ОЛ диссертацияға бірден докторлық атақ берілуі керек болса да, орыстар тек кандидаттық атақпен ғана шектеді.

Сұрақ: – Қасымханның дәуірін қалай суреттеуге болады.

Қабдеш аға - Керей мен Жәнібек немере. Орысханның немерелері. Екеуі келіп хандықты құрды. Ол кезде Керейдің жасы үлкен болғандықтан Керейді хан сайлады. Бірақ әскери қолбасы Жәнібекке жүктелді. Жалпы Шыңғысханнан келе жатқан бір үрдіс бар, тәртіп бар. Мұрагерлік тәртіп. Мысалы, хан өлгеннен соң оның баласы хан болу шарт емес. Немере інісі немесе ағасының баласы талантты, білімді, жауынгерлігі, батылдығы асып туған басқа адамға ауысуы керек. Ауысуға тиіс. Мысалы Әбілмәмбет өзі ұлы хандықтан түскенде өзінің ұлы Әбілпейісті қоймай және ел сайламай, ағасының немере болып келетін Абылайды сайлауы. Оған сайлау жөніндегі заңды бекітуі соған дәлел. Сол Қасымханнан келе жатқан нәрсе. Кейбіреулер Әз Жәнібектен кейін Қасымхан болды дейді, ал негізінен Әз Жәнібектен кейін Бұрындық, Бұрындықтан кейін Қасымхан болды. НЕгізі Бұрындық батыр кісі болғанымен ішкі, сыртқы мәселені шешуде, дипломатияны шешуде сәл-пәл шорқақтау болды. Сол себепті Бұрындық орнынан түсіп, орнын Қасымханға береді. Сол кезде ол қазақ әскерінің бас қолбасшысы болған, сол тұста қазақ әскері 200 мың қол шығарды дейтіні сол. Қасымхан әрі жауынгер, әрі дипломат, әрі өте ақылды, кеменгер кісі болған. Ол кезде қалмақпен соғыс әлі бастала қойған жоқ. Оңтүстіктегі өлкелердің, сырдың бойын азат ету машақатымен жүрді. Және жаңағы ноғайлыны бері әкелу, мына жақта қиюа, қоқаны бар, сосын Бұқара хандығы бар. Оларда баяғыда қазақ хандығынан бөлініп қалған қазаққа есетеңдік бермей, олардың құрамына Шайбани тұқымы қосылып, қазаққа қайта шапқан кездері бар ғой. Солардан қорғану, Сыр бойындағы қалаларды қайтарып алу, осының барлығы Қасымханның тұсында жүзеге асқан. Сол себепті Қасымханды жоғары көтеретініміз сондықтан. Қасымхан 20-шы жылдары қайтыс болады. Сол уақытта қазақ хандығы сәл-пәл әлсірейді. Сол арада 2-3 жылдан хан болған бірнеше хандар болады. Ал Хақназардың тұсында хандық қайта өрлейді.

Сұрақ: – Есімханның қандай ерекшеліг болады? Есімханның ескі жолы деп неге айтады. Жол болса, оны неге жол дейді?

Қабдеш аға: - Есімхан ерте шықты ғой. Еңселей бойлы, ер есім. Өзінің тұлғасы да, батыр тұлғалы. Еңсегей деп ұзын бойлы, алып тұлғалы адам деген атақ алған. Ал Есімханның ескі жолы дегені бұрын да жолдар, заңдар болған ғой. Есімхан өте қатал адам болған. Жоңғар мен қалмақпен соғысты алғаш бастаған сол. Жоңғарға соғыс ашып қана қоймай, оларды бодандыққа түсірген. Кейін Есімнен кейінгі Тәуекелдің тұсында да ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға қараған. Есімханның тұсында Ташкенге Бек қойған өзінің туысқаны Тұрсынхан. Есімхан Ташкенге жорық жасап, Тұрсынханның басын алады. Сон уақытта қатағанның мыңдаған руы Шыңжаңның Ақсу деген жеріне кетеді. Қатаған мен Шанышқылыны жазалау жағынан өте қатал адам болды.

Сұрақ: - 17-ші ғасырдың орта тұсында қазақ даласына жоңғарлар келе бастады. Жоңғар шапқыншылығы басталды, алым-салық басталды. Қазақ-жоңғар соғысы жалпы тарихта жоңғарлардың басқыншылық әрекеті және Орбұлақ шайқасы туралы не айтасыз?

Қадеш аға: - Біз неге жеңілдік, неге Ақтабан шұбырындыға ұшырадық? Деген сұраққа жауап іздеп, сол романда соның жауаптарын жазғанмын. Былтыр Керей мен Жәнібектің үш жүз жылдық тойы болды. Ғылыми конференцияда сөз сөйледім.. Біздің қазақ жоңғардан неге жеңілді? Деген тақырыппен мақала жаздым. Шынында неге жеңілді? Жоңғардың саны қазақтың үштен бірі ғана... Осы жеңілісті біздің тарихшылар әртүрлі жолмен түсіндіргісі келеді. Біреулер айтады «жоңғар жорыққа шыққан уақыт көктем болатын, ат арық, мал төлдеп жатқан кез еді» деп. Екінші тарихшы соғыс жарияламастан, тұтқиылдан бас салыпты деп. Ал шынтуайтына келгенде осының екеуі де себеп емес. Көктемгі көкөзек шақ қалмақ пен қазаққа бірдей.. Екеуі бір пояста жатыр.. Екеуінің кәсібі бірдей.. Екеуі де төрт түлікке қараған ел. Қазақтың аты арық болғанда, қыс бойы жоңғардың атына сұлы беріп семіртіп қойып па? Сондықтан ол себеп бола алмайды. Аяқ астынан болыпты, біз білмей қалыппыз.. Хандарды ақтайтын сөз емес. Егер сенің ата жауың сені басып кіргелі тұрғанын білмесең, сезбесең несіне хан болып отырсың? Барлаушыларың қайда? Шетелге тыңшы жіберу Абылай тұсында жүзеге асқан. Ақтабанның ащы сабағын Абылай ғана пайдаланып, Әз Тәуке хан ақылман хан болды. Ел ішін жақсы басқарды. Жеті жарғыны шығарды. Жақсы билерді маңайына топтап, жарғыны жаздырды, заң шығарды. ӨЗ заманында ілгері басу болды.. Бірақ Әз Тәукенің де мүлт кеткен жері бар.. Бұл өзімен аталас, бақталас сұлтандарды билікке жолатпау үшін, әлсірету үшін әр ру басына сұлтандарды қоймай, билерді қойды. Ұлы жүзе Төле биді, Орта жүзге Қазыбек биді, кіші жүзге Әйтеке биді қойды. Сонан кейін негізгі билік билердің қолында болды. Билер де ақылды адамдар, ел ішін жақсы біледі, бірақ ол кісілер жауынгер емес. Бірақ ол кез жаугершілік заман болатын. Ал ол кезде елді батырлар басқаруы керек еді. Мықты сұлтандар басқаруы керек еді. Ал Әз Тәуке оларды бақталасым деп ойлады да, оларды ығыстырып, ел билеуден ығыстырды. Ал билер заманында қазақтың жаугершілік рухы төмендеп кетті. Әр қашан дайын тұратын қазақ жоқ. Жиналмайды. Осыны Сыбан рабдан біліп отырды, және оның әскерінің дайын болатын. Себебі ол қытайдан Үрімшінің арғы жағындағы Баркөл деген жерде қытай әскерінің шабуылын күтіп отырған, әскерінің топтап, сол жылы 22-ші жылы қытайдың императоры Қан си өлді де траур жариялап, бір жылға соғысты тоқтатты. Жоңғарға шабамыз деп отырғанын жоспарын бір жылға тоқтатты. Сол уақытта дайын тұрған әскерді қазақ даласына жібере салады. Ол кезде оларға олжа керек еді. Ондай қалың әскерді қамдау керек, тамақ керек, ат керек. Сонда қапысыз, бейхам жатқан қазақтың билері мен хандары қапыда қалғаны рас. Ол кезде Әз Тәуке өлген, оның орнына Қайып хан, Батыр хан, кіші жүзе Әбілқайыр хан, Ұлы жүзе Жолбарыс хан. Сол кезде біз жоңғардан оңбай жеңілдік. Өзімізден сан жағынан үш есе кем, өзімізге кеше ғана Тәуекел ханның тұсында бодан болған.   Олар бізден өш алды сол жолы. Ол кезде қалың ел Сыр бойы, Арыс пен Шу бойына қонақтайтын. Сол жерде отырған қалың елді басып қалды ғой. Сол уақытта бассауғалауға тура келді. Тарих деген ешкімнің бетіне, жүзіне қарамау керек қой. Түгеншенің көңіліне келе ме, түгеншенің беделін түсіріп кете ме? Демей кетек. Тарих деген барлығынан биік тұруы керек. Жалпы жоңғарларға қатысты бізде қате көрсетіліп, қате тойланып жүрген жерлері бар. Батыр қоңтайшының Салқам Жәнгір шабуыл жасайтын. Жаңа Орбұлақ деп қалдың. Негізінде Орбұлақта ешқандай шайқас болмаған. Шайқас қай жерде болған?.. Өйткені батыр, қоңтайшы соған дейін ресейдегі қырғыздарды шауып әкелген, үш мың түтін. Бала-шағасын малға өздерін әскерге алған. Енді Алатаудағы мына қырғызды алып кетуге келе жатқан. Сол үшін келе жатқан 50 мың әскермен. Ол кезде қырғызды көшіріп әкетуі мүмкін еді, егер қазақ хандығы араша түспесе.. Ол мына Кегеннен қырғызға асып түсетін Санташ асуында болған үлкен шайқас. Осыны біздің бір жігіттер біздің жерде болған дейді. Қарқара жайлауы бөтен бе екен. Олдың ойынша Жәркентде болған дейді бұл оқиға. Ал мен Орбұлаққа артынан барып көрдім. Жалпы қазақ пен қалмақ акоп қазып соғыспаған. Бұл туралы дау болмауы керек. Ат әскерге қажеті қылыш пен найза. Ал ол жерде акопқа ұқсатып қазылған із бар екен. Ол акоп емес, ол аңдарды ұстауға арналатын аран болған. Аранның орны. Соны кейбіреулер акоп деп жұртты шатастырып жүргендер бар. Осының барлығы түзетіліп жүр. Оған бүгінгі хандықтың 550 жылғын пайдалануымыз керек.

Сұрақ: - 18-ші ғасырда қазақтың ең ауыр жарасы бұл Ақтабан шұбырынды. Ол қасірет қазақтың үштен екісін алып кетті дейді. Аягөз,Бұланты, Аңырақай шайқасы туралы не айтуға болады.  

Қабдеш аға: - Бұлантыдан бастайық. Абылайханның өзі Үргеніштен бірақ шығыпты шешесімен ілесіп, ауған елмен бірге кете берген ғой. Ол кезде ол 12 жастағы бала. Артынан Ораз деген аталасы іздеп барып, оны іздеп барып, оны алып қайтады. Сөйтіп Абылай ханның өзі Ақтабан шұбырындыға іліккен. Ол оның не нәрсе екенін біледі. Ол жеңілістің неге болғанын шұқшия зерттегені сол. Шекесіне қатты тиген. Алдымен оңтүстікке келеді, содан кейін Сыр бойына келіп, жоңғардың қол астында, Төле бидің өзі жоңғардың қол астында. Төле бидің керемет дипломатиясының бағалайтын бір жер бар. Ол жоңғардың соңғы ханы Қалдан Серенмен тілтабысқанын атап өтуге болады. Екеуі тіл табысып, алман салық төлеп тұратын болып, бірақ халықты ешқайда көшірмей, боспай, қанға боямай, өз жерінде қалатын болып келіседі. Төле би Тәшкен уаляты, Жетісуды билейтін 33-ші жылдан 45-ші жылға дейін 12 жыл бойы Бек болады, бірақ Қалдан Серен атындағы. Осыны білмейтіндер «бұл Төле биге кір жаққандық қой» деп менімен келіспейтіндер де бар. Ол Төле биге күйе жағу емес, Төле бидің ұлылығын ашу. Өз елін ешқайда бостырмай, еш қайда шашпай, жан-жаққа бытыратпай ұстап тұру оңай шаруа емес. Бірінші теке-тірес Бұлантыда болды. Ол алғаш қазақтың ес жинап, Әбілқайыр, Барақ секілді сұлтандар ес жинап, атқа мінген кез. Сосын халықтан шыққан батырлар Қабанбай, Бөгенбай, Тайлақ, Саңырақтар алғаш бас құрап, Бұланты бойында үлкен теке тірес, шайқас болады. Сол жерде жеңеді, бірінші рет бетін қайтарады. Жоңғардың барлығы әскер емес, қазақтың бар даласын басып жатыр, Оңтүстік, Сырдың бойын, Жетісуды басып жатыр. Анау барып қалған бір бөлім әскер соны жеңеді. Осы қазақтың рухын көтереді. Ал біз жоңғардың басып алған жерін білуіміз керек. Қазір жұртта сол туралы түсінігі жоқ. Ол бүкіл бүгінгі Шығыс Қазақтан облысы, бұрынғы Талдықорған облысы, Алматы облысы, Жамбыл, Шымкент облысы Түркістанымен қосып түгел басып алып жатты жоңғарлар. Ол және бір жыл емес, 5 жыл емес, 30-40 жыл бойы басып алып жатты. Сонда орта жүз жағы Алтай, Тарбағатайды мекендеген наймандар ауып Арқаға өтіп кеткен. Есіл бойына, жерін тастап кеткен. Сол Елімай жырында бар. Зайсанның, Тарбағатайдың қалай ен қалғаны жөнінде. Соғыстың көлемін білу үшін, маңызын білу үшін, сондағы хандар мен батырлардың еңбегін бағалау үшін оның басып алған жерлерін дұрыс білуіміз керек. Оқушы жастар дұрыс білуі керек. Мәселен, 41-ші жылы немістердің басып алған жерін қара бояулы стрелкамен көрсетіп қоятынбыз. Сол секілді жоңғардың да басып алған жерлерін қазақтың картасынан белгілеп отыруымыз керек. Сонда сол жерді кім азат етті. Азат еткен адамдардың еңбегі сонда білінеді. Ал екінші, Алакөл мен Аңырақай жөнінде қате түсінік бар. Біз Аңырақай деген жерде қалмақты аңыраттық, аңыратып тұрып жеңдік, олар аңырап, жылап, еңіреп, қалмақтар құрып кете жаздапты. Бұл бекер сөз. Ол кезде басчып алған жерінен қалмақ әлі қайтқан жоқ болатын. Аңырақайда шайқас болды, сосын Алакөлде. Осы екі соғыс бір жылда болды. Біреуінде көктемде, екіншісі күзде. Алакөлдегі шайқас Абылайдың 20 жасында алғаш Шаржды жеңіп, көзге түскен кезі болатын. Ал Аңырақай, Еңірекей ол қазақтың жерінің аты, қалмақты аңыратқан жер емес. Екі сайдың аузында жел азынап тұрағандықтан аңырақай дейтін. Ал ол жердегі судың ағысын Еңірекей деген. ОЛ біреуді еңіреткен, аңыратқан емес. Бірақ сол жерде соғыс болғаны рас. 30-шы жылдары текетіреске жарағанымыз ол осы жерге қалдырып кеткен жоңғардың гарнизондарымен соғыстық, негізгі әскерімен емес. Ал олардың негізгі әскері Баркөлде қытаймен соғысып жатты. Қалдан Сереннің өзі басқасы бар. Сол кезе осында қалдырылған мыңнан, жүзден гарнизондар болған ғой. Біз солармен айқасып, жеңіп жүрдік. Алакөлде Абылайдың шыққан кезі. Ол кезде Әбілмәмбет Абылайға өз тағымды түсіп беремін деп уәде беріп, шынында да тақты босатады. Ал түбегейлі жоңғардан тазарту жорығы 50-ші жылдары басталған. Өйткені 41-43-ші жылдары Абылай тұтқында болады. Ол аз әскерімен қоршауда қалып қояды. Ол оқиға Құлжаның төңірегіндегі Моңғол күре дегенде жерде екі жылға жуық уақыт тұтқында болады. Ал тұтқыннан кім босатты? Біренеше рет қазақтан белегация барады. Олардың арасында уақ Өтеген батыр келіссөзге барған. Сол уақытта Абылай мен Қалдан Сереннің арасы жақындасады. Талай мәселе төңірегінде әңгімелеседі. Болашақта қазаққа ие болатын кісі Абылай екенін түсінеді Қалдан Серен. Қалдан Серен өлгеннен соң ғой жоңғардың халі нашарлайды 45-ші жылы. Содан Абылайға өзіне жақын туысының қызын беріп, Кенесарының әжесі, Қасым төренің шешесі. Жсау жабдығыменен, көп олжаменен қайтарады. Сөйтіп өзін өзі құтқарады. Өзінің білгірлігіменен, данышпандығыменен. Абылай туралы әңгімелер осылай. Тарихшылар арасында тағы бір қате пікір бар. Әбілсана Абылайдың некесіз туған баласы дейтіндер де бар. Тұтында жүргенде ойнап қойыпты мыс. Бекер сөз, қате сөз. Біздің театрлардың бірі соны ойнап та шықты. Өйткені Әмірсана мен Абылайдың арасы он-ақ жас. Абылай 11-ші жылы туса, Әбілсана 22-ші жылы туған. Абылай тұтқында болғанда, Қалдан Сереннің жиені Әмірсана тақ мұрагерлерінің бірі болғандықтан сұмдық ерке болып жүретін. Сол кезде Абылай екеуі достасып кетеді. Сонда Қалдан Серен екеуін сарайда, бүкіл жамағаттың алдында анда, екеуінің білектерін қылышпенен тіліп, қанын араластырады. «Екеуің анда болыңдар, дос болыңдар. Кім біледі бұдан былай қазақпенен қалмақты не жағдай күтіп тұрғанын. Не болса да бір біріңді тастамаңдар» деп өз өсиетін айтып, серт байластырады. Сондықтан Әмірсана қазақ жеріне қашып келгенде Абылайдың оған пана болатыны. Бізді осы тектес теріс-қағыс мәліметтерде ара-тұра айтылып тұрады. Осындайлардан біз арылуымыз керек. Абылай қалмақтың тілін білді. Бүкіл дәстүрін білді. Қалмақтар бізді қалай жеңіп жүргенін зерттеді. Сәйтсе бар мәселе әскерде екенін ұқты. Үйбасы бір жауынгер дайындаған. Жоңғар дегенің көшіп жүрген әскер. Олар біз секілді жау келгенде аттандап, тұра қашпайды. Олар қажет уақытта кез келген жерге бір мезетте бүкіл бала-шағасымен көшіп-қонып, шабуылын жасай беруге дағдыланған. Мың болсын, оң мың әскер қажет болған жағдайда олар үнемі дайын тұратын болған. Осының барлығын Абылай сол жерден үйреніп қайтады. Ал қытай жақтан шабуыл болғанда Әмірсана Абылайды паналайтыны сондықтан. Ол уақытта Абылайдың тыңшылары қытайлардың 100 мыңдаған әскердің күшімен жоңғарларды толықтай жойып жіберуге дайындалып жатқанын біледі де 1754-ші жылы бір жыл бұрын қазақтың жерінде жатқан бүкіл жоңғарды ығыстырып, жерден аластайды да, жерімізді тазартып үлгереді. Ал егер жоңғарлар бұрынғы жерлерда жата беретін болса қытайдың 100 мың әскері қазақ жеріне кіріп келетіні анық еді. Ал қытайлар ұлы жорыққа 1755-ші жылы шыққан болатын. 52-ші жылы Сыр бойындағы соғыс, 53-ші жылы бүкіл Жетісуды, 54-ші Алтай мен Тарбағатайды жоғардан тазартып үлгереді. Бұл Қабанбай, Бөгенбай жорықтары. Осыны біз мықтап еске алуымыз керек. Содан кейін Абылай мынадай жарлық шығарған. Азат етілген жерлерге қолыма қол қоныстану керек деп. Өйткені ол жерлерде сенің қалаң жоқ, қамалың жоқ. Ондағы саясаты жерлерді бос қалдырмау болатын. Қытай мәмілеге оңай келе салған жоқ. 56-шы жылы Әмірсананы ұстаймыз деп қытайдың 40 мың әскері екі тараптан келеді. Дардана және Жаухой деген екі қолбасшының бірі Ілені жағалап, екіншісі жоңғар қақпасыменен келеді. Және отқарулы. Олармен бітпе бет соғысу мүмкін емес болғандықтан, Абылай мындай айлаға көшеді. Қытайдың екі әскері Балқашта түйісіп, Қарағанды жаққа бет алғанда Абылай Әмірсананы ертіп алып, шөлейтті БЕтпақ далаға бастайды. Ара тұра Әмірсананы бір көрсетіп, өзі бір көрініп қытай әскерін арттарынан ертіп әбден шаршатады. Ал арада бірер уақыт өткенде әбден әлсіреген, ашыққан қытай әскері елдеріне қайтуға мәжбүр болады. Ақырында май айында келген әскер августың аяғына келгенде тұралап, атсыз, аяқсыз әбден жүдегендіктен елдеріне қайтуға ыңғайланады. Ақыры 20 мың әскерінен айырылған қытай әскері Абылайдан бітім сұрап, тірі қалғандары бір біріне міңгесіп, октябрь айында әрең жеткен екен. Бұл және документальный нәрсе. 57-ші жылы бас қа әскер келеді. Басқа генералдар келеді де қазақтармен бейбіт шартқа отырмаққа талпыныс жасауға тырысады. Ал келесі жылы Аягөздің бойында, Мамырсуда үй тігіледі. Қытайдың қалың әскері Қараталдың бойында қалады. Ал генералдар делегация болып Мамырсуға келеді де келісімге келеді. Олардың айтқаны былтырғы соғыс өз алдына, бұдан былай соғыспайтын болайық, бейбіт өмір кешетін болайық деп, Абылайды қонаққа шақырады. Сол кезде Абылай бірнеше серіктестерімен Қаратал бойындағы шатырларына барып, құрметті қонақ болады. Ал 58-ші жылы Абылай Бейжіңге бірінші рет елші жібереді. Сол елші көп жұмыс істейді. Сол уақытта Шәйшек, ҚҰлжа және Үрімші қаласында қазақ үшін базар ашатын болады. Оларға мал керек, жылқы керек, ал бізге дайын тауар керек дегендей... Сол уақытта Абылай қытайға қонысы жақын Қабанбайға алғашқылардың бірі болып қытай базарында сауда жасауды тапсырады. Қытай жазбасында «1758 жылы 19-шы қыркүйекте қазақтың Қабанбай батыры өз атынан 300 жылқы өткізіп, сауда жасап қайтты» деп көрсетіледі. Осыдан кейін барып, екі ел арасында сауда-саттық қыза түседі.